Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні қарсаңында ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық белсенділермен бірлесе отырып, Қазақстанда ЖИТС-тен қайтыс болғандардың естелігі ретінде арт-объект құруға мұрындық болып отыр.

ҚДИАҒО арт-нысан құру жөніндегі идеялар конкурсын жариялап, барлық мүдделі адамдарға өз ұсыныстары мен эскиздерін 2019 жылғы 1 қарашаға дейін info@kncdiz.kz поштасына «Конкурс» белгісімен жіберуді ұсынып отыр. Конкурс жеңімпазының жобасы Алматы қаласында жүзеге асырылады. Конкурс тұжырымдамасы мен және шарттары http://www.rcaids.kz сайтында егжей-тегжейлі баяндалған.
– ЖИТС бүкіл әлемде миллиондаған адамның өмірін жалмады. Оларды ұмыту мүмкін емес. АИТВ-инфекциясы емделмейтін кезде, қайғылы естеліктер жиі жаңарып тұратын еді. Ол кезде науқастардың ешқандай таңдауы болмағандықтан, көз жұмып жатты. Антиретровирустық терапияның пайда болуымен АИТВ-ахуалды адамдардың өмірі ұзарды. Сол өмірден озғандарды еске ала отырып, енді бәріміз бірігіп, тірілер туралы ойлауымыз қажет, – дейді ҚДИАҒО директоры Бауыржан Байсеркин.
Биыл ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күнін әлем 19 мамыр күні атап өтеді. Бұл күні түрлі елде, сондай-ақ, Қазақстанда да дөңгелек үстелдер, флеш-мобтар, тренингтер және басқа да іс-шаралар болып ұйымдастырылады. Бұл шараға болысу ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алып қоймай, АИТВ індетіне кім тап болғандарға деген түсіністік ниетті білдіреді. Біздің елімізде бұл шаралар «Өмір сүру үшін, есте ұстаймыз!» ұранымен өтеді.
ЖИТС-тан көз жұмғандарды еске алу күні қарсаңында қазақстандық белсенділер осы шараға болысуға ниет білдіргендерге тақырыпқа көңіл бөліп, Фейсбук желісінде өз суретін арнайы еске алу шеңберін қолдана отырып, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алуды ұсынып отыр.
Алғаш рет Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні (World Remembrance Day of AIDS Victims) 1983 жылы америкалық Сан-Францискода аталып өтілген. Содан кейін бірнеше жылдан соң осы ауруға қарсы қозғалыстың нышаны пайда болды. Ол киімге тағылған қызыл бау, сондай-ақ, түрлі-түсті мата – өмірден өткен көптеген адамдардың белгісі ретінде мата кесінділерінен тігілген құрақтар. Бұл атрибуттарды 1991 жылы суретші Фрэнк Мур ойлап тапқан. Қазіргі уақытта ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күнінде аталмыш науқан белсенділері мен бей-жай қарамайтын адамдар өздерінің киімдеріне қызыл бау тағады.
АЛМАТЫ
Қазақстан • Кеше
Азық-түлік белдеуінің әлеуеті нығайып келеді
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Экономиканы несиелеу өсе бастады
Экономика • Кеше
Онлайн-петиция: Қоғамның барометріне айнала ала ма?
Қазақстан • Кеше
Газ мәселесінің түйіні тарқатылады
Экономика • Кеше
Консорциум мүмкіндігі тағы төмендеді
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Сапалы интернетпен түгел қамтылу көзделіп отыр
Аймақтар • Кеше
Ата-ана және ұрпақ тәрбиесі: Кінә мен реніш
Қоғам • Кеше
Балалар бәсекелестігіне байыппен қарасақ...
Қоғам • Кеше
Оңалту орталығына оң көзқарас қажет
Медицина • Кеше
Абай • Кеше
Руханият • Кеше
«Қилы заман» қалай түсіріліп жатыр?
Кино • Кеше
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарқынды жүргізілуде
Медицина • Кеше
Есірткі саудасы өршіп, пәтер тонау азайды
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Мұқан және оның туған топырағы
Қазақстан • Кеше
Технология • Кеше
11 елді мекенде мобильді интернет жоқ
Аймақтар • Кеше
Байрақты бәсеке жалауын көтереді
Спорт • Кеше
Өнер • Кеше
Қоғам • Кеше
Полиция Ұзынағаштағы атысқа қатысты пікір білдірді
Аймақтар • Кеше
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Екібастұз қаласының әкімі қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда гендерлік көрсеткіш жақсарып келеді
Қазақстан • Кеше
ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті
Үкімет • Кеше
11 жастағы қыз Бадам өзеніне батып кетті
Оқиға • Кеше
Қызылорда облысы прокурорының үш орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылдады
Үкімет • Кеше
Киберфутболдан Қазақстан құрамасы FIFAe рейтингінде жоғарылады
Қазақстан • Кеше
Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды
Елорда • Кеше
«Ақбақай» алтын шығару фабрикасының екінші кезеңі іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар