ІІО жаңғырту бойынша 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап полицияның барлық бөлімшелерінде азаматтарды қабылдау бөлмесі жұмысын бастады. Бұл жұртшылықпен ашықтықты және тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Бүгін бірінші басшының қабылдаына төрт азамат келді, олар заңнамалық, қылмыстық істерді тергеу және т.б. сұрақтар бойынша жүгінді. Мысалы, ерлі-зайыпты Доценколар ұзақ уақыт бойы жалға беретін көрші пәтерге шағымданып келді. Айтуларынша, көршілері мезгілсіз тыныштық бұзып, жұрттың берекесін алады. Бұл бойынша талай шағым да түсірген. Бірақ жалға берілетін пәтерде тыныштық орнаған емес. Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов қызметкерлерге бұл фактілерді жүйелі түрде қарап, шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.
Тағы бір өтініш Лариса Дегтяреваның шағымы болды. Ол қылмыстық істі тергеу сапасына шағымданды. Оған жүргізілген тергеу әрекеттері жөнінде түсініктеме берілді, сонымен қатар, оның тағы бір өтініші қабылданып, қылмыстық іс материалдарына қосылды.
Полиция департаментінің фронт-кеңсесіне күн сайын 20-ға жуық азамат келеді. Олардың барлығы қажетті кеңес алып, мәселелері шешімін тауып жатыр. Мұны тәуелсіз журналист Аркадий Денисов та ерекше атап өтті. Оның айтуынша, фронт-кеңселер азаматтардың өз мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді.
Фронт-кеңседе 11 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: көші-қон қызметі желісі бойынша (шетел азаматтарын тіркеу, шетел азаматтары үшін шақыруды ресімдеу, шетел азаматтары үшін визаларды беру және ұзарту), Әкімшілік полиция желісі бойынша (автокөлікті қайта жабдықтау бойынша өтініштерді қабылдау, азаматтық және қызметтік қару айналымы мәселесі бойынша өтініштерді қабылдау). Толық ақпарат алу үшін "Азаматтарға арналған қабылдау бөлімінде" әр бөлімшемен байланысу үшін жауапты тұлғалардың телефон нөмірлері көрсетілген.
Сондай-ақ Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің мамандары да жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдайды.