Аймақтар • 15 Мамыр, 2019

Алматыда алғашқы 10 электроавтобус жолға шығады

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы әкімі Twitter желісіне қалада таяу уақытта 10 электроавтобус пайдалануға берілетіні туралы жазды.

Алматыда алғашқы 10 электроавтобус жолға шығады

«Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігін енгіземіз. Үш буындағы электроавтобустарды құрастыратын қазақстандық-германиялық-гонконгтық зауыт ашылды. Алматыда жассалған алғашқы 10 автобус жуырда бағытқа қойылады»,- деп жазылған шаһар басшысының жазбасында.

Еске салсақ,  еліміздегі ең алып мегаполистің  автобус паркі 80 пайызға жаңартылған болатын.