Спорт • 15 Мамыр, 2019

Дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады

977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-19 мамыр аралығында Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогының кезеңдік сайысы өтеді. Айтулы жарысқа 23 мемлекеттен келген 339 балуан қатысады.

Дзюдошылар Еуропа кубогына қатысады

Орынбор боз кілеміне Қазақстанның 23 дзюдошысы шығады. Ерлер сайысында Сейілхан Қанат (60 кило), Нұржан Әбет (60 кило), Арслан Есенгел (60 кило), Дулат Хамза (66 кило), Гұсман Қырғызбаев (66 кило), Әбілқайыр Мәуленин (66 кило), Бақытжан Амангелді (66 кило), Ілияс Нүсіпбаев (73 кило), Аңсарбек Гайнуллин (73 кило), Нұрсұлтан Мырзахметов (73 кило), Мәди Амангелді (73 кило), Еламан Қойшыбаев (81 кило), Асылан Сағитбек (81 кило), Ерасыл Болат (90 кило), Рега Палкин (90 кило) және Мәлік Темірсұлтанов (90 кило) күш сынасады.

Ал әйелдер бәсекесінде Назерке Азаматова (48 кило), Нұржамал Жарманова (52 кило), Бақытгүл Кенжебекова (57 кило), Гүлнұр Баханова (57 кило), Гүлвира Бисенғалиева (63 кило), Аяла Мереке (70 кило) және Аруна Жангельдина (70 кило) өнер көрсетеді.