Аймақтар • 17 Мамыр, 2019

Алматыда ішек қабынуы аурулары бойынша ІІІ ұлттық форумы өтіп жатыр

1158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қоғам назарын ішектің қабынуына шалдыққан науқастарға бұру мақсатында, жыл сайын 35 елдің басын қосатын Науқастар ұйымының бастамасымен 19 мамыр – Дүниежүзілік ІҚА күні деп белгіленген. Бұл күннің ресми түсі – күлгін. Атаулы күні әлемде осы ауыр сырқатпен өмір сүріп отырған бес миллион адамды қолдау көрсетіледі.

Алматыда ішек қабынуы аурулары бойынша ІІІ ұлттық форумы өтіп жатыр

Сонымен бүгін Алматыда Ішек қабынуы аурулары (ІҚА) бойынша Үшінші Ұлттық Форум медицина қызметкерлері және науқастардың қатысуымен Дүниежүзілік ІҚА күні қарсаңында өтіп отыр.

Форум емдеудің аса тиімді нәтижелері мен өмір сүру сапасын мейлінше жақсарту үшін медицина қауымдастығының Крон және ойық жаралы колит ауруларымен ауыратын науқастармен өзара әрекетін нығайтуға арналған диалог алаң болып табылады.

Форумның өзектілігі мынада: Қазақстандағы науқастардың орташа жасы 30 жас, науқастардың үштен бір бөлігі мүгедек, ал олардың ішінде өлім-жітім көрсеткіші  жалпы халыққа қарағанда 40%-дан артық.

Форумда белгілі дәрігерлер, олардың ішінде гастроэнтерологтар, нутрициологтар, психологтар дертті адамдардың дұрыс тамақтану қағидаларына, психологиялық күйді жеңілдету техникаларына, кәсіби және әлеуметтік бейімделуге үйретеді.

Онлайн режимінде, Фейсбук және Инстаграмм әлеуметтік желілерінде мамандардың түсіндіру жұмыстары және де кері байланыс жүргізуі арқылы тура трансляция жасау осы ақпараттың мейлінше қолжетімді болуына мүмкіндік берді. Форум спикерлерінің қатарында – Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Александр Нерсесов, «Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ төрайымы Жәмилә Қайбұллаева, «ІҚА ауыратын тұлғаларға көмек көрсету және қолдау» ҚҚ төрағасы Ербол Әміржанов және басқалар бар.

Сондай-ақ 19 мамырда Дүниежүзілік ІҚА күнінің құрметіне Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының ғимаратына күлгін түсті жарық түсірілетін болады. ІҚА ауыратын науқастарға тілектестік белгісі ретінде 18-19 мамырда Қазақстан Премьер-лиганың 240 футболшысы күлгін түсті байлауышпен алаңға шығатын болады.

Іс-шараны ҚР ДСМ «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ, «ІҚА ауыратын тұлғаларға көмек көрсету және қолдау қоры» ҚҚ ұйымдастырып отыр.





АЛМАТЫ