Қоғам • 17 Мамыр, 2019

Қазақстанда обырды ерте анықтау мен емдеу қолжетімділігіне сұраныс артып келеді

926 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қатерлі ісіктердің жаңа өскіндері әлемдегі денсаулық пен өмір ұзақтығына төнген негізгі қауіптердің бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша әлемде жыл сайын 18,07 млн адам қатерлі ісік дерттеріне шалдығады екен. 2018 жылы қатерлі ісік дерттері салдарынан әлемде 9,6 млн адам көз жұмған.

Қазақстанда обырды ерте анықтау мен емдеу қолжетімділігіне сұраныс артып келеді

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қатерлі ісіктің кеңінен тараған түрлеріне келесі сырқаттар жатады: сүт безінің, тоқ және тік ішектер, қуықалды безінің, асқазанның қатерлі ісіктері жатады. Осы дерттерге қарсы күресте көп тараған кедергілердің қатарына адамдардың медициналық көмекке дерттің әбден асқынған кезде жүгінуі мен сырқатқа дер кезінде диагноз қоюдың жеткілікті деңгейде қолжетімді болмауы жатады. Ал бұл өз кезегінде сырқаттылық пен сауығу деңгейіне кері әсерін тигізеді.   Мәселен, 2017 жылы табысы төмен елдердің тек 26%-нда ғана патологияларды есепке алудың жалпыға қолжетімді қызметі жұмыс істеді. Табыс деңгейі жоғары елдердің 90%-нда тиісті медицина қызметтер қолжетімді болды.

Бұл мәселелер Қазақстан үшін де өзекті. Қатерлі ісікті зерттеудің халықаралық агенттігінің деректері бойынша, өткен жылы елімізде 34 000 адамға алғаш рет қатерлі ісіктерге байланысты диагноз қойылды.

Қатерлі ісіктердің жаңа өскіндерін ерте анықтауға бағытталған зерттеулерді жүргізу – науқастардың денсаулығы мен өмірін сақтаудың басты жолы. ДДСҰ мәліметтері бойынша, сүт безінің қатерлі ісігі, жатыр мойыншығының қатерлі ісігі, ауыз қуысы мен тоқ ішектердің қатерлі ісігі сияқты қатерлі ісік түрлері ерте анықталған және заманауи терапия әдістерімен емделген жағдайда сауығудың жоғары деңгейін көрсетуде. Қазақстанда обырға жан-жақты диагноз қоюға деген сұраныс артып келеді. Нәтижесінде, отандық медицина нарығында диагностика мен емнің санқилы түрлерін ұсынған жаңа ойыншылар пайда болуда.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында әлемнің үш үздік онкологы – Америка хирургтары алқасының, сондай-ақ Хирургтардың Еуропалық ассоциациясының мүшелері қазіргі әлемде үлкен сұранысқа ие болған диагностика түрлері туралы жан-жақты әңгімеледі.

АЛМАТЫ