Спорт • 17 Мамыр, 2019

Жеңіл атлеттер жарыс жолына шығады

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы демалыс күндері жеңіл атлетикадан бірнеше халықаралық жарыстар өтеді. Сол додаларда Қазақстанның ұлттық құрама командасының мүшелері де бақ сынайды.

Жеңіл атлеттер жарыс жолына шығады

19 мамырда Жапонияның Осака қаласында «IAAF World Challenge» сериясындағы жарысының жалауы желбірейді. Бұл бәсекеде Ольга Сафронова 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде сайысқа түседі. Дәл сол күні Латвияның астанасы – Ригада  «IAAF Gold Label Riga Marathon» марафоны өтеді. Балтық жағалауына Қазақстанның қос спортшысы – Жанна Мамажанова мен Дана Гусарова аттанды. Дүбірлі дода қарсаңында олар өздерінің жаттығу жиынын Кенияда өткізді.  

18-21 мамыр аралығында Таиландта өтетін «Thailand Open Track & Field» турнирінде Иван Иванов (ядро лақтыру), Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) және Полина Иванова (сырықпен секіру) сынды жерлестеріміз өнер көрсетеді. Ал Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында сырықпен секіруден халықаралық дода ұйымдастырылады. Айтулы бәсекеде Сергей Григорьев пен Станислав Соловьев ел намысын қорғайды.