Спорт • 17 Мамыр, 2019

Амангелді Имановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

994 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қазіргі бессайыстан Амангелді Имановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Амангелді Имановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Ерлер арасында Денис Тюринге тең келер ешкім табылмады. Жерлесіміз жаттығудың төрт түрі бойынша 1437 ұпайды олжалады. Күміс медальді қырғызстандық Илья Мягких (1403 ұпай) иеленсе, Қазақстанның тағы бір өкілі Константин Качура (1374 ұпай) қола жүлдені еншіледі.

Әйелдер сайысында жеңіс тұғырына көтерілгендердің барлығы да жергілікті спортшылар. Олар – Суламиф Ананьева (1288 ұпай), Софья Приженникова (1253 ұпай) және Людмила Яковлева (1231 ұпай).

Аралас жұптар арасында бас жүлдені Софья Приженникова мен Евгений Малахов (1409 ұпай) олжаласа, Денис Тюрин мен Суламиф Ананьева (1403 ұпай) екінші орын алды. Өзбекстандық Фариза Орымбекова мен Юрий Глушко (1335 ұпай) үшінші сатыға жайғасты.

Командалық сайыста құрамында Денис Тюрин, Константин Качура және Руслан Рамазанов сынды саңлақтары бар Қазақстанның бессайысшылары бірінші орынды жеңіп алды.