Жарыс қожайындары ретінде айтулы жарысқа Швейцарияның қатысатыны белгілі. Тағы екі жолдаманы Нұр-Сұлтанда жалауы желбіреген бірінші дивизион командалары арасындағы әлем біріншілігінде алғашқы екі орынды олжалаған Қазақстан мен Беларусь құрамалары жеңіп алды.
Сонымен қатар, бұл күндері Словакияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Ресей мен Германия хоккейшілері дәл сондай құрметке ие болғаны жайында біз бұған дейін де хабарлағанбыз. Айтулы жарыстың жетінші күнінің қорытындысы бойынша келесі жылы Швейцарияға сапар шегетін тағы алты команда белгілі болды: Олар – Канада, АҚШ, Чехия, Финляндия, Швеция және Латвия құрамалары.