Қоғам • 20 Мамыр, 2019

Көшбасшы жастардың көшелі жиыны

1485 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі «Алтын қырғауыл» демалыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшы бол!» республикалық жастар форумы басталды. Жастар жылының аясында ұйымдастырылған іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге жуық жас келді.

Көшбасшы жастардың  көшелі жиыны
Форумға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының же­ңім­паздары, республикалық жә­не шетелдік жастар ұйым­да­­ры­ның, мемлекеттік органдар­дың өкілдері, студенттер және ерік­тілер қатысып жатыр. Сон­дай-ақ форум делегаттары арасында елі­міздің барлық айма­ғындағы Ас­самблеяның белсенді жастары бар.

Форумның ашылуында сөз алған Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» рес­публикалық мемлекеттік меке­месінің директоры Сат­тар Мә­житов елорданың маңын­дағы табиғаты әсем мекенде елі­міз­дің әр аймағынан жалынды жастардың жиналғанына қуа­нышты екенін білдіріп, бұл басқосу олардың көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, тұлға ре­тінде қалыптасуына септігін тигі­зетінін сөз етті. Сөйтіп Қа­зақ­стан халқы Ассамблеясы Төр­ағасының орынбасары Жан­­сейіт Түймебаевтың ыс­тық ле­бізін жеткізді. Оның сө­зін­де 2018 жылы «Жаңғыру жо­лы» рес­публикалық жастар қозға­лысы дәл осы форуммен қанат қа­ғып, бүгінде біраз бастаманы жүзеге асырғаны айтылған. Бір жыл­дың ішінде аталған жастар қоз­ғалысының 17 облыс пен қа­ла­ларда штабтары ашылып, қазір 5 мыңға жуық жас белсенді жұ­мыс істеп жатыр екен. Жастар күшін біріктірген бұл ұйым биыл бір­шама іргелі жобалар өткізуді жос­парлап отыр. Солардың қата­рында «Әлеуметтік хакатон», «Ауыл әкімі болғым келеді!», «Жас­тар синергиясы» жобалары бар.

Одан кейін Қазақстан халқы Ас­самблеясы Төрағасының орын­басары Шерзод Пулатов ортаға шығып, осында жиналған көшбасшы жастардың достасуы бірлігімізді арттырып қана қой­май, әр өңірдің дамуына да үлесін қосатынын айтты. Өйткені мұнда айтар ойы, бөлісер тәжірибесі бар жастар бір-бірімен пікір алмасып, өз аймақтарына тың идеямен ора­­лады.

«Ынтымағы жарасқан, бір­лігі мығым, тұрақты елде ғана да­му, алға жылжу болады. Біз­дің алдымызға Мәңгілік ел бо­луға, әлемнің дамыған 30 елі­нің қатарына қосылуға бастай­тын ұлы мақсат бар. Бұл жолда жас­тардың рөлі өте маңызды. Сон­дықтан да Елбасы жастарға үнемі ерекше көңіл бөліп келеді. Оның бір дәлелі – биылғы жыл­дың Жастар жылы деп жариялануы. Соның аясында ұйым­дастырылып отырған бұл алаң­ның мүмкіндіктерін барынша пайдаланып қалу керек. Жастар өздерінің қабі­леттерін байқатып, жақсы қыр­ларын ашып көрсетсе, бір-бі­ріне тек жағымды әсер қал­ды­рады, алмасқан идеяла­рын өз өңірлерінде жүзеге асы­руға тырысу қажет. Сондай-ақ мем­лекеттік тіл­дің мәртебесін көтеруге баса мән беруіміз тиіс­. Себебі қазақ тілі біздің бір­лі­гімізді одан са­йын бекіте түседі», деді Ш.Пулатов.

Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу­ды мақсат еткен форумда ел аймақтарына қоса, шет мем­лекеттердің де өкілдері бой көр­­­­сетті. Атап айтсақ, «Мы – рос­­сияне» Ресей халқы жас­тар ассамблеясы қоғамдық қоз­ға­­лы­сының төрайымы Ди­на Громатикополо мен сол ұйым­ның Омбы аймағы бойынша төрағасы Ермек Хапизов, Қыр­ғызстан халқы жастары асс­амблеясының өкілі Нурсултан Бей­шебаева және украиналық, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың саясаттану кафедрасының док­торанты Рубан Святослав қа­тысып, өз елдеріндегі жастар тәжі­рибесімен бөлісті.

Алматы қаласындағы «Қоғам­дық келісім» РММ Эт­но­мәдени бірлестіктермен жұмыс істеу бө­лі­мінің басшысы Ольга Колесникова «Жастар жылы аясында өтіп жатқан бұл форумның бе­рері мол. Мұнда бәріміз бір-бірімізбен танысып, ой бөлісіп, тәжірибе алмасып жатырмыз. Форумның ерекшелігі сол, қатып қалған жиын форматында емес, еркін, ойын-сауық, демалыс ретінде өтіп жатыр деуге болады. Мысалы Оңтүстіктен келген жастар өз өңіріндегі әр этномәдени бірлестіктердің ұлт­тық билерінен фестиваль­ ұйым­дастырды. Біз де өз қа­ла­­мызда осындай іс ша­ра өт­кіз­сек деп ой түйдік. Ал біз ерік­­­тілер лигасының тә­жі­ри­бе­сімен бөлісеміз. Бұл – әрі жас­тардың, әрі ұлттардың бір­лігін жарастырған форум» деді.

Ал Шығыс Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Равин Юнусов бұл форум биылғы жастар жылына үлкен көңіл бөлініп отырғанының бір көрінісі екенін айтады. Ол Шығыста Ұлы дала елінің қырларын ашып көрсету үшін қасиетті орындарға экскурсиялар ұйымдастырылып, көрші өңірлерге де сапар шегіп тұратындарын, сосын басқа өңірлерден ерекшелігі облыста 14 Достық үйі барын жеткізді.

«Жаңғыру жолы» жас­тар қозғалысының Ақтөбе об­лы­сын­дағы өкілі Аслан Әбуов: «Осы­дан бір жыл бұрын Ал­матыда, Алатаудың баурайын­да жастар «Бірлік» атты лагерде бас қосқанбыз. Міне биыл ма­­мыражай мамырда елор­да­ның шетінде, табиғат аясын­да тағы да жиналып отырмыз. Қай­та­ қауышқанымызға өте қуа­ныш­тымыз. Мұнда нағыз көш­басшылар келгенін бірінші күн­нен-ақ байқап жатырмыз. Бұл барлық облыстың жас­тарын жарастырып, елдің бірлі­гіне жұмылдыратын жақсы жо­ба болды. Жастар жылы ел­ді тұтастыққа, ынтымаққа ұйыс­ты­ратын игі іс-шараларға бастамашы болуда. Бүгінгі форумнан біз өңірімізге жаңа идеялармен, тың энергиямен ораламыз», дейді.

Жалпы, Жастар қозғалысын дамытуға және жастар саясаты төңірегіндегі жаңа жобаларды іске асыру жолдарын қарас­тыруға мол мүмкіндік туғызған фо­румда қатысушылар «Жастар жы­лы» жол картасы жобасының жү­зеге асуы жөнінде кеңінен тал­қылады.