Олимпия ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін рейтингтік жарысқа әлемнің көптеген мемлекетінің ұлттық командалары қатысады. Солардың қатарында Қазақстан құрамасы да бар. Ұлттық командамыздың бас бапкері Әсет Серікбаев Апеннин түбегіне мына балуандарды апаруды жөн көріп отыр:
61 кило – Жандос Исмаилов пен Расул Қалиев
65 кило – Саятбек Оқасов
70 кило – Нұрқожа Қайпанов
74 кило – Данияр Қайсанов
79 кило – Шәміл Мұртазов пен Ғалымжан Өсербаев
86 кило – Азамат Дәулетбеков
92 кило – Нұрғали Нұрғайыпұлы
97 кило – Бақдәулет Әлментай мен 125 кило – Олег Болтин.
– Сассаридегі сайысқа еліміздің маңдайалды балуандарының түгелге жуығын апаруды жөн көріп отырмыз. Себебі, осындай дүбірлі додаларда жиі-жиі күш сынасу арқылы жігіттердің шеберліктері әбден шыңдалады. Сонымен қатар, бұл рейтингтік турнир екенін де естен шығармайық, – дейді Әсет Серікбаев.