Спорт • 20 Мамыр, 2019

Дзюдошылар Орынбордан қос жүлдемен оралды

1120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан Еуропа кубогының кезеңдік сайысы аяқталды. Айтулы жарыста жерлестеріміз қос жүлдеге иелік етті.

Дзюдошылар Орынбордан қос жүлдемен оралды

66 кило салмақта белдескен Ғұмар Қырғызбаев бастапқы үш бәсекеде жеңіске жетіп, жартылай финалда ресейлік Мұрат Шопановқа есе жіберді. Үшінші орын үшін тартыста қандасымыз әзірбайжандық Нұрлан Османовтың осал тұсын оңай тапты. 73 кило салмақтағы Аңсарбек Ғайнуллинге жеңіс тұғырына көтерілу үшін алты кездесу өткізуге тура келді. Қазақ дзюдошысы тек ресейлік Самвел Бабинянға ғана ұтылды. Қалғандарының барлығын ол қапы қалдырды. Осылайша, қос қандасымыз Орынборда қола медальді мойындарына ілді. 

Жалпы есепте Ресей құрамасы топ жарды. Бұл жолы бес бірдей жергілікті балуан жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Сондай-ақ, Әзірбайжан мен Өзбекстанның дзюдо күресі шеберлері де бір-бір бас жүлдеден олжалады.