Аймақтар • 20 Мамыр, 2019

Алматыда «ӘREKET» жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті

888 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласында «ӘREKET» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы бойынша аумақтың коммерциялық емес ұйымдарына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Алматыда «ӘREKET» жобасы бойынша түсіндіру кездесуі өтті

Кездесуге әр түрлі бағыттағы 50 КЕҰ өкілі жиналды. Олар бір ауыздан ақпаратты тыңдап, қойған сұрақтарына тікелей жауап алды. Кездесу барысында анықталғандай, азаматтық секторды негізінен келесідей мәселелер толғандырады: әлеуметтік кәсіпкерліктің кәдімгі бизнестен айырмашылығы неде, жоба сметасын қалай қалыптастыруға болады, ЖК және ЖШС және т.б. сияқты ұйымдар қатыса ала ма?

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілдері осы және басқа да сұрақтарға жауап беріп, жобаға қатысудың жалпы ережелері мен талаптары және өткен жылдың тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті.

««Әрекет» өте өзекті және сұранысқа ие жоба. КЕҰ үшін бұл идеяны іске асыру және жүзеге асыру мүмкіндігі. Мен бүгін әлеуметтік кәсіпкерлікті ашу және дамыту жөнінде пайдалы ақпарат алдым. Біздің ұйым аталмыш гранттар байқауына қатысуды жоспарлап отыр», - дейді кездесуге қатысушы – ««Шарапат» Жастар мүгедектер ұйымы» ҚБ төрағасы Раушан Мананбаева.

«ӘREKET» гранттар байқауы - әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ететін үздік бизнес-жобаларды анықтауға арналған жобаларды біріктіреді. Біздің Қор тек гранттар бөліп қана қоймай, бірінші кезектегі міндетіміз - КЕҰ-ны бизнес пен маркетингтің қазіргі заманғы құралдарын қолдана отырып, өз бетінше табуға үйрету. Кездесу барысында біз байқаудың қалай жұмыс істейтінін, ол үшін не қажет екенін және қандай қателіктерден аулақ болу керектігін толық түсіндіреміз», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының өкілі Ирина Дүйсенова.

Бұған дейін хабарланғандай, гранттар Байқауының бірінші кезеңі 3 маусымда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысуға мүдделі барлық КЕҰ Байқау туралы ережеге сәйкес өтінім беруге тиіс.

Келесі кезең екінші кезеңге өткен КЕҰ-ға толық өтінім беруге арналмақ. Үміткерлерді іріктеуді арнайы комиссия жүргізетін болады, оған мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және әлеуметтік сала өкілдері кіреді.

Ұйымдастырушылар, үшінші кезең іріктеуден өткен Коммерциялық емес ұйымдарға арналған үш күндік білім беру бағдарламасы іске асатынын айтады. Оқу соңында КЕҰ өкілдері әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша өз жобасын қорғап, үздік деп танылғандар 3 млн теңгеге дейін грант алады.

Еске салсақ, биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры «ӘREKET» жобасына 150 млн теңге бөлген. Байқау аясында әр мүдделі коммерциялық емес ұйым 3 млн теңгеге дейінгі мөлшерде грантқа үміткер бола алады.

 

АЛМАТЫ