Туған жерінде қайта жерленді
Сәрсенбі, 8 мамыр 2013 2:31
Былтыр Көкшетау қаласындағы тарихи мұражайға Санкт-Петербургтен хат келді. Онда «Фронт» іздестіру бірлестігінің өкілі Юрий Гончар 1907 жылы туған Василий Никитиннің туған-туыстарын тауып беруге жәрдемдесу жөнінде өтініш білдірген еді. Арықбалық ауданы Рухловка ауылынан қан майданға аттанған майдангерден 1942 жылы хабар-ошар үзіледі. Енді арада 70 жыл өткен соң жерлесіміздің сүйегі – жеке мүліктерімен, арнайы медальонмен,
Сәрсенбі, 8 мамыр 2013 2:31
Былтыр Көкшетау қаласындағы тарихи мұражайға Санкт-Петербургтен хат келді. Онда «Фронт» іздестіру бірлестігінің өкілі Юрий Гончар 1907 жылы туған Василий Никитиннің туған-туыстарын тауып беруге жәрдемдесу жөнінде өтініш білдірген еді. Арықбалық ауданы Рухловка ауылынан қан майданға аттанған майдангерден 1942 жылы хабар-ошар үзіледі. Енді арада 70 жыл өткен соң жерлесіміздің сүйегі – жеке мүліктерімен, арнайы медальонмен, әйелі Ольгамен түскен суретпен, ататегі жазылған құжатпен қоса, Новгород облысының Старорусс ауданында іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында табылған.
Тарихи мұражай қызметкерлері бірнеше ай бойы соғыста қаза тапқан жауынгердің туған-туыстарын анықтаумен айналысты. Солтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментпен хабарласты. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздеу салды. Ешбірінен нәтиже болмай күдер үзілді-ау деген шақта Вера Никитина деген көкшетаулық тұрғын телефон арқылы хабарласып, хабар-ошарсыз кеткен марқұмның ортаншы қызы екенін мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, Василий Никитиннің 4 іні-қарындасы болған. Бәрі дүниеден өткен. Олардан туған балалар да көз жұмған. Ал немере, жиендері Ресейде, Германияда тұратын көрінеді.
Туыстары ақылдаса келіп, майдангердің сүйегін туған ауылындағы қорымға қоюды ұйғарды. Жақында «Фронт» іздестіру бірлестігінің мүшелері марқұмның сүйегі мен жеке мүліктерін жеткізді. Қайта жерлеу рәсіміне шетелдерде қоныс тепкен ұрпақтары, жергілікті тұрғындар, ардагерлер қатысты. Сөйтіп, марқұмның аруағы туған жерінде дамылдады.
Жақсылық ЖҮСІПОВ,
Айыртау аудандық ішкі саясат
бөлімінің меңгерушісі.