Спорт • 21 Мамыр, 2019

Бокс: Халық қаһарманын еске алуда

1040 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері еліміздің бірқатар танымал боксшылары Алматыда бас қосып, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтің мемориалында күш сынасуда.

Бокс: Халық қаһарманын еске алуда

Армияшылардың орталық спорт клубында (АОСК) өтіп жатқан айтулы жарыстың жалауы биыл 23 мәрте желбіреп отыр. Бұл күндері күллі Қазақстанның мақтанышына айналған Мұхтархан Ділдәбеков, Геннадий Головкин, Галиб Джафаров, Серік Елеуов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Еркебұлан Шынәлиев, Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы және тағы басқа шоқ жұлдыздардың кезінде осы додада өнер көрсеткенін жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ.

 Биылғы турнирде Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген былғары қолғап шеберлері бақ сынауда.