«Алдымен адамның қолы бір құзырға, өкілеттікке жетуі тиіс. Екіншіден, соған қарай адам жақсы жағына өзгеруі тиіс. Үшіншіден, байланыс, яғни көппен араласуы қажет. Осы үшеуі болмай, қызметте жоғарылау мүмкін емес. Ал еріктілерде қандай әдет болуы тиіс? Тіпті мұны әдет емес, адаммен туа бітетін қандай қасиет керек дегеніміз дұрыс болар? Ол әр нәрсеге, айналаға селқос қарамау дер едім. Егер осылай болса, айың оңынан туады» деді Дәурен Әскербекұлы.