Сайлау • 22 Мамыр, 2019

1597 сенім білдірілген адам тіркелген

1285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сайлау науқанының көрігі қызып келеді. Бұл сайлаудың бұрын­ғылардан өзгешілігі айқын аңғарылып жатыр. Үміткерлердің өз халдерінше осалы жоқтай. Сайлауалды бағдарламалары да халықтың көкейіндегі мәселелерді қамтиды. Енді таңдау сайлаушылардың өзіне қалып тұрған сыңайлы.

1597 сенім білдірілген адам тіркелген
Жақында Қызылордада Өңір­лік Коммуникациялар қыз­метін­де Қазақстан Президенттігі­не кан­дидаттардың сенімді өкіл­дері үгіт жұмыстарын өткізу тәртібі бойынша түсіндіру шараларын жүргізді.

Облыс бойынша 1 облыс­тық, 8 аумақтық сайлау комис­сиялары және 366 учаскелік сай­лау комиссиясы жұмыс ат­қара­ды. Қазіргі таңда барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары электораттық оқытудан өткізілуде. Бар­лығы 29 топтан құралған 793 сай­лау комиссиясының мүшелері оқытылып жатыр.

«Облыс бойынша бүгінде билбордтар мен плакаттар үшін 238 орын және сайлаушылармен кездесулер ұйымдастыру үшін 170 үй-жай белгіленген, кандидаттарға үгіт жүргізу үшін толық жағдай жасалған», деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Абайбек Жүнісов. 

Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың облыс бойын­ша 1597 сенімді өкілі тір­келіп, куәліктері табысталды. Кан­ди­дат­тарды қолдауға бай­ланыс­­ты облыс аумағында 7 қоғамдық штаб құрылған. Штаб өкілдері сайлау комиссияларымен өзара кедергісіз байланысады және кеңес алады.

Сайлауға қатысып, дауыс берумен ғана іс бітпейді. Сенім білдірген адамдардың заң шең­берінен шығып кетпеуі, дауыс беру барысында ескеретін мә­се­лелері жеткілікті. Кездесуде об­лыстық сайлау комиссиясының хат­шысы Аягөз Сырлыбаева үгіт-насихат жұмыстарының тәртібі және жалпы шарттары туралы жан-жақты айтып берді.


Қызылорда облысы