Аймақтар • 22 Мамыр, 2019

Маңғыстауда «Startup Bolashak – Менің Арманым» байқауы өтті

1449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Startup Bolashak – Менің Арманым» жастардың стартап жобалары ұлттық байқауының 3 маусымының Маңғыстау облысы бойынша өңірлік іріктеу кезеңі 20-21 мамыр күндері Yessenov University-де ұйымдастырылды.

Маңғыстауда «Startup Bolashak – Менің Арманым» байқауы өтті

Байқаудың мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру. Шараның ашылу салтанатына үздік жергілікті менторлар, бизнес тренерлер және кәсіпкерлер қатысты.

Байқауға қатысып, бақтарын сынау мүмкіндігіне 16-29 жас аралағындағы жастар ие болды. Іріктеу байқауына Маңғыстау өңірі бойынша 100-ге жуық үміткер өтінім берді.

Байқаудың алғашқы күні 20 мамыр күні Yessenov University-де «Startup Bolashak – Менің Арманым» Республикалық ұлттық жобасының өңірлік іріктеу кезеңі салтанатты түрде ашылды. Салтанатты шара барысында Yessenov University проректоры Гүлимай Аманиязова ашып берді. Байқау кезеңінде қатысушыларға қолдау көрсететін менторлар жетістікке жету тарихымен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушыларымызға «Ниша таңдау», «Канвас бизнес моделі», «Питч презентация» тақырыбында бірнеше қызықты, танымдық бизнес тренингтер ұйымдастырылды.

Тренингтерден кейін үміткерлер өздерінің идеялары бойынша Канвас бизнес моделін құрып, келесі кезеңге дайындалды. Байқау қатысушылары Маңғыстау облысы бойынша үздік 6 менторға, тәлімгерлеріміз үміткерлерімізге өз идеясын қорғауда, жүзеге асыруда, нарыққа шығаруда қажет көптеген қызықты әрі пайдалы кеңестерімен, тәжірибесімен бөлісті.

Тәлімгерлермен жұмыс нәтижесінде үздік 15 жоба өз жобаларын қазылар алқасы алдында қорғауға мүмкіндік алды.

21 мамыр күні байқаудың қорғау кезеңіне өткен 15 жобадан іріктеліп үздік 11 жоба Атырау қаласында фестиваль форматында өтетін ширек финалға жолдама алды.


Маңғыстау облысы