Қазақстан мен Қытай сыртқы саяси ведомстволарының басшылары саяси, сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ көпжақты құрылымдардағы өзара ықпалдасу мәселелерін талқылады.
Қазақстан СІМ басшысы биылғы жылдың 25-28 сәуірде сәтті өткен «Бір белдеу, бір жол» 2-ші Халықаралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарының маңыздылығын атап өтті.
Осы форумда Елбасы Н.Назарбаев әлемдік қоғамдастыққа геосаяси ахуалдың «Үш Д» үлгісін ұсынды және қытайлық тарапты оны жүзеге асыру үшін одан әрі жан-жақты қолдауды сұрады.
Ван И ағымдағы жылдың 14-16 мамырда ҚКП Орталық комитеті Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Хан Чжэннің Қазақстан мен Қытай 2-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумына және 12-ші Астаналық экономикалық форумына қатысу үшін Қазақстанға сапарын ойдағыдай өткізілгені үшін алғыс білдірді.
Қытай СІМ басшысы Қазақстанда алдағы уақытта өтетін президенттік сайлаудың табысты болатынына сенім білдірді. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың кең ауқымды қолдауына ие екенін атап өтті.
Қытайлық тарап «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыруда Қазақстанның жетекші рөлін ерекше атап өтіп, оны «Нұрлы жол» ЖЭС-пен терең ұштастыру арқылы өзара көлік байланыстарын көтеруді, сондай-ақ оны ілгерілетуде екі елдің көшбасшылығын сақтауды ұсынды. Бұл өз кезегінде, біздің елдер арасында цифрлық экономиканы дамыту, цифрландыру, жоғары технологиялық, инновациялық және электрондық коммерция саласындағы жаңа жобалардың санын арттыру бойынша индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Ван И Қытай Қазақстанмен көпжақты күн тәртібіндегі кең ауқымды мәселелер бойынша да өзара тығыз ынтымақтастыққа, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев құрудың басында тұрған ШЫҰ, АӨСШК сияқты халықаралық ұйымдар шеңберінде тиімді үйлестіруге мүдделі екенін атап өтті.
Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екі елдің ШЫҰ-да бірқатар бастамаларына өзара қолдауды атап өтті, атап айтқанда ШЫҰ Даму банкін құру, ұлттық валютадағы өзара есеп айырысу үлесін ұлғайту, транзит-көліктік әлеуетін пайдалану және т.б.
Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты байланыстар мен қолдауды жалғастыруға келісті.