Қоғам • 22 Мамыр, 2019

Елордада қаңтар-сәуір айларында 72 баланың құқығы бұзылған

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі қалалық комиссияның талдауы отбасылық ынтымақ, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналардың мәртебесін көтеру және балалардың тәрбиесі мен дамуындағы рөлін арттыру қажеттігін көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қаңтар-сәуір айларында 72 баланың құқығы бұзылған

«Биылғы төрт ай ішінде кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында (өткен жылдың 4 айындағы 57 материал) 72 материал қарастырылды, оның нәтижесі мынадай шешімдерге ие болды: ата-ана құқығынан айыру - 5, ата-ана құқықтарын шектеу - 2, девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектеп-интернатқа орналастыру - 7, әлеуметтік көмек, құжаттама - 3, түсіндірме жұмыстары - 35, жұмысқа орналасуға көмек - 11», деді әкімнің бас инспекторы Римма Иманғазинова. 

Елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс жүйелі жүргізілуде. Бірақ оған қарамастан, полицияда 252 кәмелетке толмаған жас тіркелген. 

«Талдау нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмаудағы қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін алдымен бірқатар жалпы мәселелерді шешу керектігі анықталды. Бұған үйдегі зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін құзыреттілік (Ішкі істер министрлігінен басқа); ақпараттандыру, өзара ақпарат алмасу және салыстырып тексерудің айқын механизмі; мақсатты қаржыландыру; отбасылық мәселелер бойынша мемлекеттік саясатты іске асыратын бірыңғай үйлестіру органы сияқты мәселелер жатады», деп атап өтті Римма Иманғазинова.