Қазақстан • 22 Мамыр, 2019

Алматыда «Science and business» конференциясы өтті

1115 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Рахат Палас» қонақ үйінде ғылым мен бизнесті инновациялық үдерісте біріктіруге бағытталған «Science and business» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Алматыда «Science and business» конференциясы өтті

Айтулы шараға Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Самек Властимил, «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығының бас директоры, химия ғылымдарының докторы Сестагер Ақназаров, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті, биология ғылымдарының докторы Юрий Синявский, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Анатолий Купчишин, «ТимАЛ» орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы Мәмбет Нұралиев, «Жалпы тәжірибе дәрігері – Консультант Эксперт» орталығының бас директоры, биология ғылымдарының кандидаты Хабиболла Бисмильдин және тағы басқа ғалымдар, кәсіпкерлер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында «Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы теория мен практика бойынша ақпарат және пікір алмасу», «Бірлескен ғылыми және бизнес бағдарламаларды талқылау және әзірлеу, шарттар мен келісім-шарттар жасасу», «Медицина, нанотехнология, биомедицина және агроөнеркәсіп саласындағы қазіргі заманғы ғылым мен өнеркәсіптің жағдайын талдау» секілді көптеген өзекті тақырыптар бойынша тартымды әңгіменің тегі ағытылды. 

 – INFINITЕ компаниясы желілі маркетинг жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Осы жүйенің негізгі принциптеріне сай дистрибьюторлар өнімнің сапасы мен қасиеті жайында жан-жаққа ақпарат таратады. Қазіргі кезде халыққа қажетті мәліметті таратушылар және біздің тарапымыздан ұсынылған өнімді тұтынушылар саны уақыт озған сайын арта түсуде. Соның нәтижесінде кең тараған аллергиялық аурулар азайып, бірқатар улану түрлерінен адамдар тез айығуда. Айтулы ұжым Қазақстанның барлық қалалары мен ТМД елдерінің бірқатар аймақтарында заңды түрде тіркеліп, жемісті еңбек етіп жатыр. Бір сөзбен айтсақ, INFINITЕ – отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарушы компания. Біраз жылдан бері осы бағытта «Жалын» ғылыми өндірістік-техникалық орталығымен тығыз қарым-қатынаста еңбек етіп келеміз, – дейді  INFINITЕ компаниясының бас директоры Марат Шугаепов.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша жас ғалымдарға үздік баяндама үшін ақшалай сыйлықтар беріледі. Бұл қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер береді және де жастардың технологиялық міндеттер мен проблемаларды шешуге қатысуға ынталандырады.

Ал «ЖАЛЫН» орталығы жайында айтар болсақ, ол 2006 жылы құрылып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде тіркелді. Бүгінгі күні аталмыш орталық жоғары оқу орындарының қатысуымен жұмыс істейтін, жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын стартап-компания болып табылады. Онда көміртекті сорбциялық материалдар, препараттар, бадтар, медицинаға арналған бұйымдар, ауыл шаруашылығына арналған микротыңайтқыштарды өндіру және өсімдіктердің өсуін реттегіштер өндіріледі. Сондай-ақ, кабель өнімдері мен пластикат өндірісі де дамуда.