Ұлттық келісім – қастерлі ұғым
Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:37
Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ұзақ мерзімді Жолдауы басты тақырып талқысына айналды.
Онда сөз алған облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Кәрібай Мұсырман ел дамуының алдағы даму көкжиегін айқындап берген тарихи құжаттың маңыздылығына тоқтала келіп,
Сәрсенбі, 9 қаңтар 2013 7:37
Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ұзақ мерзімді Жолдауы басты тақырып талқысына айналды.
Онда сөз алған облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Кәрібай Мұсырман ел дамуының алдағы даму көкжиегін айқындап берген тарихи құжаттың маңыздылығына тоқтала келіп, Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарын баян етті. Облысымызды мекен ететін этнос өкілдері достық, бірлік, татулық, ауызбірлік атты ұлы ұғымдарды көздің қарашығындай сақтап, қадірлей біледі. Олардың күш-жігері ортақ Отанымызды гүлдендіруге арналған. Облыстық Ассамблея аясында 117 этнобірлестік тұрақты жұмыс істейді.
Бүгінде ұлттық ұранымыз секілді «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде», «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», «Тілге деген көзқарас – елге деген көзқарас» деген сөздердің терең мәнін жастарға талмай ұқтыра білген жөн. Сонда ғана қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, елімізді «Қазақ мемлекеті» деп атайтын күн туады.
Жолдауда латын қарпіне көшу ұлт болып шешуге тиіс қағидатты мәселе ретінде көтеріліп, қазақ тілін жаңғыртудың алғышарттарының бірі ретінде күн тәртібіне қойылуы қуантады. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және құқық факультетінің деканы Сабыр Ибраев Елбасы халыққа арнаған дәстүрлі жолдауларында үнемі елдің даму стратегиясын белгілеп келе жатқанын жеткізе келіп, бұл жолғы бағдарламаның өзгеше, бөлек бітіміне тоқталды. «Видергебурт» неміс мәдени бірлестігінің жетекшісі Эльвира Ковзель қоғамымызда барлық этнос азаматтарының құқықтар теңдігі сақталып отырғанын, тұрақтылықты, бейбіт өмірді нығайту саясаты ерекше қолдауға ие екенін тілге тиек етсе, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту бірлестігінің мүшесі Динара Мақсұтова жаңа қазақстандық патриотизм аясында ой өрбітті.
Раушан ЫСМАЙЫЛОВА,
Солтүстік Қазақстан облыстық
ҚХА хатшылығының бас маманы.
ПЕТРОПАВЛ.