Спорт • 23 Мамыр, 2019

Нұр-Сұлтан Бүкіләлемдік IAAF бастамасына қосылды

812 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жарысқа 3 мыңға жуық әуесқой желаяқ қатысады деп күтілсе, жарыстың көшін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бастамақ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан Бүкіләлемдік IAAF бастамасына қосылды

2 маусымда IAAF (Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы) «IAAF Run 24:1» бастамасы жүзеге асырылады. Оған алты құрлықтан 24 қала қатысады деп күтілуде. Таңдалған қалалардың әрқайсысында бір миля жүгіру өтеді.  Олар сағат аймағына сәйкес бір уақытта басталады. Осылайша, бүкіл планета жүгіру күнін «синхронды» түрде мерекелейді.

Қатысушы қалаларда мереке спорт министрліктерімен, қалалық билік ұйымдарымен және ұлттық федерациялармен бірлесіп ұйымдастырылады. 

«IAAF Run 24:1» Оңтүстік мұхиттағы Фиджи аралының ең ірі Сува қаласында бастау алады. Бұдан әрі әлемдік жүгіру тізбегі Мельбурн, Токио, Пекин, Сингапур және Ханой қалалары бойынша жалғасады. Орталық Азияда іс-шара Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Спорттық шара бұдан әрі Ыстамбұл, Копенгаген, Милан және Бирмингемд қалаларындағы тоқтау нүктелерімен Еуропаға өтеді. Содан соң Африкаға кері оралып,  Габорон, Яунде және Рабат өңірлерінде жанданады.  Одан әрі дүниежүзілік жүгіріс Атлантика, Сан-Паулу, Сантьяго, Гаван, Богота, Мексиканы кесіп өтіп, ақырында АҚШ-қа жетеді. 

Монакода мерекенің негізгі бастамашысы – IAAF ірі халықаралық ұйымы орналасқан қалада тур өз мәресіне жетеді.  Жалпы «IAAF Run 24:1» бүкіл әлемнен мыңдаған желаяқты біріктіре отырып, 24 елде аялдама жасайды. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және демалыс саябағында жергілікті уақыт бойынша сағат 9:00-де басталады. 

Әр қалада жүгіруді бұрынғы немесе қазіргі спортшы басқаратын болады. Осы жобаның Нұр-Сұлтан қаласындағы басты қонағы ретінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өнер көрсетеді. Жарысқа 1 мыңнан 3 мыңға дейін елордалық қатысады деп күтілуде.