«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов оқу-әдістемелік жиынын өткізу барысында «Заманауи соғыстар мен қарулы қақтығыстар тәжірибесі бойынша тактика мен жедел өнердің даму перспективалары» атты тақырыпта әскери-ғылыми конференция ұйымдастырды.
Сондай-ақ жиындарда бөлім командирлерімен және олардың орынбасарларымен, сондай-ақ батальондар (дивизиондар) командирлерімен және штаб бастықтарымен тактикалық ұшу жаттығулары да өткізілді.
- Әскери-ғылыми конференцияларды өткізу командирлер мен штаб бастықтары, бөлім сержанттары жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді,-деді «Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбеков,-айта кетсек, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 10810 әскери бөлімінің танк батальоны Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «Мерген батальон» байқауының қорытындысы бойынша үздік деп танылып тыр.
Жиын соңында орталығы Семейде орналасқан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік дайындығы, әскери тәртібі, қару-жарақ және әскери техника жағдайы бойынша қызметінің қорытындысы шығарылды.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
«Еgemen Qazaqstan»
СЕМЕЙ