Құтыру – өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы ауру
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:20
Тараз қаласында Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Құтыру індетінің клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары» атты облыстық семинар өткізілді. Оның барысында құтыру індетінің алдын алуға қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Сейсенбі, 5 ақпан 2013 7:20
Тараз қаласында Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санэпидқадағалау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Құтыру індетінің клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары» атты облыстық семинар өткізілді. Оның барысында құтыру індетінің алдын алуға қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды.
Құтыру індеті – жедел вирусты аурулардың ең қатерлісінің бірі.
Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Мұхтар Сержановтың айтуынша, 2006-2010 жылдарда Қазақстанда 39 науқас құтыру індетінен қайтыс болған. Олардың дені ересек адамдар. Ал, 2012 жылы Тараз қаласында бір адамның құтырудан қайтыс болғаны тіркелген.
Жоғарыда атқанымыздай, құтыру – жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті инфекциялық ауру. Ол адамға ауру жануар тістегенде, тырнағанда немесе жарақаттанған жерге сілекейі тигенде жұғады. Бұл қауіпті індетпен күресу үшін, індет көзі болып табылатын аңдарды жою және үй жануарларына уақытылы құтыруға қарсы профилактикалық егу жасату керек. Семинарға қатысушылар осы жағын ескерте отырып, 2011 жылы Жамбыл облысы бойынша құтырумен ауыратын 75 ірі қара мал анықталғанын еске салды. Оның 45 пайызы Мойынқұм ауданына тиесілі. Мұнда түлкі, қасқыр өлекселері табылған, мінезі өзгерген аңдар анықталған болатын. Құтыру терапиясының тиімді әдісі әлі жоқ. Сондықтан, бұл аурудан арашалап қалатын жалғыз жол – құтыруға қарсы емдеу-профилактикалық егу шаралары. 2011 жылы 1578 адамға құтыруға қарсы егу жасалса, 2012 жылы 1665 адам осы мүмкіндікті пайдаланған. «Құтырудың болжамы жағымсыз. Құтырудан толық жазылу туралы мәліметтер жоқ», – дейді №1 қалалық ауруханасының жарақат бөлімінің меңгерушісі Олег Шаюнусов. Кез келген жануар тістегенде не тырнағанда, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Егер жануар ауру болса, әр минуттың өзі шешуші рөл атқарады.
Толқын ӨМІРБАЕВА,
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы баспасөз орталығының жетекшісі.