Әлем • 23 Мамыр, 2019

Илон Маск: Starlink спутниктік интернеті 2020 жылы іске қосылады

1130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SpaceX ғаламтор желісінің Starlink желісін құру үшін жақын жердегі орбитаға 12000 жер серігін шығаруды жоспарлап отыр. Өткен аптада 60 құрылғы жіберілген болатын, бірақ компания миссияны қатарынан екі рет кейінге қалдырды.

Илон Маск: Starlink спутниктік интернеті 2020 жылы іске қосылады

Оған алғашқы себеп қолайсыз ауа райы болса, екіншісі бағдарламалық қамтамасыз етудегі кейбір қателіктер болды. Миссияның сәтсіз басталуына қарамастан, Илон Маск спутниктік интернеттің 2020 жылы жұмыс істей бастайтына сенім білдірді.

Илонның айтуынша, Starlink спутниктік интернеті 1000 спутниктің көмегімен ұшақтар мен кемелер сияқты көлік құралдарын байланыспен қамтамасыз ете алады. Соңғы қиындықтарды ескеретін болсақ, бұл айтарлықтай көп, бірақ ештеңеге қарамастан  компания осынша спутникті келесі 1 жыл ішінде іске қосуды көздеп отыр.

Компания жер маңындағы орбитаға мыңдаған спутниктерді 2027 жылға дейін жібермек. Қазіргі уақытта планетаның айналасында түрлі ғарыш агенттіктерінен 2000 спутник айналуда. Мұндай қарқынмен SpaceX компаниясы орбитаны өз аппараттарымен толық қоршауы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше