14 Ақпан, 2013

Іскерлік байланыс арта береді

367 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Іскерлік байланыс арта береді

Бейсенбі, 14 ақпан 2013 6:57

Мұнайлы Атырауға Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браун келді. Өңір басшылығымен кездесу барысында келешекте облыстың экономикалық дамуына септігін тигізер оң қадамдар, екі ел арасындағы бірлескен мұнай-газ жобалары талқыланды. Елші экономикасы қарыштай дамуымен әлеуеті жоғарылаған Атыраудың перспектикалы жоспарларына қызығушылық танытты. Өйткені, бұл – елшінің Атырауға алғашқы сапары.

–Ұлыбритания – еліміздің өзге аймақтарына қарағанда Атырау облысымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, бірнеше жобамызға қатысып келе жатқан мемлекет. Жыл өткен сайын әріптестігіміз де артып келеді, –деп   атап өткен облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов, сонымен қатар, Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген тапсырмасына орай облыста мұнай-газ саласын өркендетуге ерекше назар аударылып отырғанын жеткізді.

Осы  жылы еліміздегі  алып кеніштердің бірі – Қашаған алғашқы мұнайын береді. Мұны әлем күтіп отыр. Ал Қазақстандағы тұңғыш газ-химия кешені Атырау облысында салынады. Сондай-ақ, индустриялық-инновациялық даму кеңістігін ұлғайту, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру жұмыстары көзделіп отыр. Тек мұнай саласында ғана емес, ауыл шаруашылығын дамытуға да назар аударылып, биыл бұл бағытта бірқатар жобалар жүзеге асады.

Бүгінде Атырау өңірінде Ұлыбританияның үлескерлігімен 81 кәсіпорын жұмыс жасайды. Ал кедендік статистика мәліметіне сүйенсек, былтыр Атырау облысы мен  Ұлыбритания арасындағы сауда айналымы 593,6 млн. АҚШ долларына жеткен. Ұлыбританиядан жеткізілген импорттық тауарлар көлемі 212,9 млн. АҚШ долларын құраған.

Кездесуде білім беру саласы, атыраулық жастардың Ұлыбританияда білім алуы жөнінде де келелі әңгіме өрбіді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Атырау.