Руханият • 24 Мамыр, 2019

Игі істердің ұйытқысы

973 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақтың кең даласында тағдырлары тоғысқан жүзден астам этностың жарқын достығы елімізді жасампаздыққа бастады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті жүргізген саясат ұлттар тұтастығы мен халықтар достығы деген ұғымдарға айрықша маңыз берді. Соның арқасында жер жүзі тәуелсіз Қазақ елін берекесі артып, бірлігі жарасқан мемлекет ретінде таныды. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғам өміріне етене араласып, игі істердің ұйытқысына айналды. Ассамблеяның Атыраудағы бөлімшесі де жыл сайын шаралар ауқымын кеңейтіп келеді.

Игі істердің ұйытқысы

Мұнайлы өңірде 80-нен астам этнос өкілі тұрады. Аймақ­тың қоғамдық-саяси өміріне бел­сенді араласып жүрген 20 этно­мәдени бірлестік бар. Өткен жыл­дың өзінде осы бірлес­тік­тер­дің қатысуымен 207 шара өтіп, оған 38 202 адам қа­тыс­ты. 2014 жылы облыс әкімі аппа­ратының «Қоғамдық ке­лісім» коммуналдық-мем­ле­кеттік мекемесі құрылған бола­тын. Мекеме басшысы Жанат Досқалиева ұлтаралық бір­лікті, қоғамдық келісімді нығайту, ғы­лыми-сараптамалық, қо­ғам­дық-көпшілік және ақпа­рат­тық жұмыстарды жүргізу мақ­са­тында еңбектеніп келе жат­қан­да­рын айтады. Облыс орта­лы­ғындағы «Достық үйі» шын мәнінде түрлі этнос өкілдерінің жиі бас қосатын құтты мекені. Мұнда этномәдени орталықтар ұлттық мерекелеріне орай шаралар ұйымдастырып, бір-біріне қолдау көрсетуді дәстүрге айналдырған. 

– Ассамблея барлық этнос­тар­дың мүдделерін ортақ қазақ­стан­дық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қара­мас­тан, барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қам­тамасыз ететін қоғамдық инс­титут ретінде қалыптасты. Қазақ­стан­ның осы тәжірибесі бүгінде әлемге үлгі, – дейді Жанат Досқа­лие­ва. «Қоғамдық келісім» меке­ме­сінің ұлтаралық келісімді нығай­туға бағытталған шаралары жыл сайын жаңа бастамалармен толы­ғуда. Бұл ретте этномәдени бірлес­тіктердің қоғамдық шараларды ұйымдастыруға деген ынта­ларының жоғары екенін айта кеткен жөн. Олардың ара­сында татар-башқұрттың «Тату­лық», орыс этносының «Бы­ли­на», армяндардың «Таврос», грузиннің «Иверия», еврейдің «Алия», өзбектің «Ынтымақ», корейдің «Тхоньил», украинның «Довира», болгардың «Возрож­де­ние» бірлестіктері қай маңыз­ды шараның да сәні мен сал­танатын келтіріп жүр. Ай­мақ­та түрлі ұлттардың өнер ұжымдары сайысқа түсетін шығар­машылық байқаулар жиі ұйым­дастырылады. 

Атырау облысы бойын­ша қазіргі таңда 12 этно­мә­дени бірлестіктің басшылары Қазақстан халқы Ассамблея­сы­ның мүшелері. Этнос өкілдері өңірдің қоғамдық-саяси, әлеу­мет­тік-экономикалық өміріне де немқұрайлы қарамайды. Об­лыс­­тық мәслихат құрамында бір неміс, бір татар, бір корей этносы­ның өкілдері бар.

Өнер-білімге баулыған

Этномәдени бірлестіктер тек ұлттық мерекелерде немесе белгілі бір шараларда ғана бас қоспайды. Бір шаңырақ астынд­ағы тату тірліктері күн­де­лікті өмірде де көрініс береді. Әсіресе өскелең ұрпақ тәр­бие­сі мәселесін жіті назарда ұстап келеді. Жастарды өнер, білімге баулуда бірігіп жұмыс істеу­дің маңызы зор екені анық. Этно­мә­де­ни орталықтардың бір бөлігі бо­лып есептелетін клубтар, орта­лықтар мен үйірмелердің саны өткен жылы 26-ға жетті. Облыста көп жылдан бері «Жек­сен­білік мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Қазақстан халқы Ассам­блеясының жанында 6 жек­сенбілік мектеп жұмыс істейді, онда түрлі этностық топ­тардың оқушылары оқиды. Татар-башқұрт «Татулық» хоры, «Балақай» балалар вокалды тобы, мүмкіндігі шектеулі «Шексіз таланттар» мек­тебі, грузин этномәдени бір­лес­ті­гі­нің «Иверия» вокалдық және хореографиялық би ансам­блі, украин этномәдени бірлес­ті­гі­нің «Хуторянка» ансамблі, қобыз­шы­лар дуэті, корей «Саранг» – әжелер хоры, «Самуль­нори-Атырау», «Со куан» би тобы, «Таврос» армян этно­­­мәдени бірлестігінің би тобы, орыс «Горлица» вокалдық тобы, «Ура­лочка» балалар би тобы, АРСК «Зоренька» ансамбльдері елі­­мізде ғана емес, шет мемлекеттерде де өнер көрсетіп жүр. Түрлі республикалық, ха­лық­аралық байқауларда қол жеткіз­ген жүлделер де көп. 

– Ассамблея – үлкен шаңырақ. Ұлтқа, тілге, дінге бөлінбей, бір мақсат пен мүдде аясында өмір сүрудеміз. Біздің барлық бастамамыздың қолдау таба­ты­ны жігерлендіреді, – дейді «Татулық» татар-башқұрт этно­мә­дени бір­лес­тігінің жетек­ші­сі, облыстық мәс­лихат­тың депутаты Гүлсина Бай­кенова. Ол мүмкіндігі шек­­теулі жандардан тұратын «Шексіз таланттар» би мектебін ашқан. Мектеп шәкірттері түрлі деңг­ейдегі байқауларда жүлдегер атанды. Енді «Таланттар театрын» ашып, жастарды өнерге бау­луды мақсат етіп отыр. 

Ізгілікке үндеу

Медиация институтын дамыту да Ассамблея айрықша маңыз берген жұмыстардың қатарында. Атырау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында өзара ынтымақтастық жө­ніндегі меморандум жаңа баста­маларға негіз болды. Елба­сы­ның «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында атап көрсеткен сот процедураларын азайту туралы тапсырмасын іске асыру бағытында атқарылған шаралар аз емес. Облыс орталығында ғана емес, аудандарда да түрлі тақырыптардағы кеңейтілген мәжілістер ұйымдастырылды. Өткен жылы кәсіби және кәсі­би емес медиаторлармен 42 дау шешілген. Осы жобаның нәти­же­сінде құқықтық мәдениет жоға­ры­лап, адамдар дауды соттан тыс келіссөздер жүргізу арқылы да шешуге болатынын түсіне бастады. Осылайша бітімгерлік рәсімдердің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Бейбітшілік пен берекенің алтын ордасы – бүгінгі Қазақ елі. Мерейіміз, мақтанышымыз, жер-жаһанға жария етер жасампаз істеріміздің бастауында бірліктің тұрғаны ақиқат. Ұлтара­лық татулықты нығайтып қана қоймай, елдің қоғамдық-саяси өміріне әр беріп жүрген Ассам­блеяның жоғарыда жазыл­ған­дар­дан басқа да көптеген жарқын жобалары бар. Жақсы істердің Атырауда да жалғасын тауып жатқаны бірегей институт құру туралы Елбасы идеясының табыс­­ты жүзеге асқанын айқын­дай­ды.

АТЫРАУ