Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Атырауда колледж студенттері уланып қалды

767 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жағдай газ балонын бүркуден болған деген болжам бар, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда колледж студенттері уланып қалды

Оқиға 23 мамырда  болған. Оқиға орнына жедел жәрдем тобы келді. Берілген ақпар бойынша, колледждің 1-2 қабаттарында белгісіз заттың өткір иісі болған, нәтижесінде 20 адам ауруханаға әкелінді.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз жиынында Атырау сервис колледжі директорының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Гүлсім Жалмұханова мәлімдеді.

- Балалардың жаппай улануының себебі анықталуда, бейнебақылау камераларының жазбалары тексерілді. Енді балалардың денсаулығына ештеңе қауіп төндірмейді. Науқастарға уақытылы көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайын қалыпқа келтіргендіктен, студенттердің көбісі үйге жіберілді, ал қалғаны кешкі сағат 19.00-ге дейін шығарылады. Олардың барлығы учаскелік дәрігерлердің бақылауында болады. Қазір бұл жағдаймен құқық қорғау органдары айналысуда, оқиға газ балонын бүркуден болған деген болжам бар», - деді Гүлсім Жалмұханова.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше