Руханият • 24 Мамыр, 2019

Елорданың ең дарынды баласы анықталды

976 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төрт жылдың ішінде миллиондаған көрер­меннің жүректерін жаулап алған «Жандану әлемі» қорының жобасы – «Бала дауысы» Ұлттық балалар ән байқауы IV маусымының іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті.

Елорданың ең дарынды баласы анықталды
Биыл жобаның тыңда­лымдары облыс орталықтары  мен Шымкент, Алматы қа­ла­­ла­­рында, со­ңғы кастинг Нұр-Сұлтан қа­ласында өтті. Сәр­сенбі, 22 мамыр күні, қа­тысушылар М.Өтемісов атын­дағы оқушы­лар сарайында байқаудың шы­­ғармашылық тобымен кездесті. Ұмытылмас ат­мос­­­фераға бөленген бала­қай­лар өздерін үлкен сахна жұлдыздарындай сезі­нді. Күні бойы олар ұйымдас­ты­ру­шы­лар, жергілікті телеарналар мен басылым тілшілерінің на­зарында болды. Сонымен қатар балалар фотосессиялар мен IV маусым күнделіктері түсіріліміне атсалысты.

Қазылар алқасының құ­ра­мын­дағы танымал әнші Маржан Арап­баева мен му­зы­­калық продюсер Фари­да Ниязова 8 бен 12 жас ара­лы­ғын­дағы 300-ден астам қа­ты­су­шыны тыңдады. 

Байқаудың ақтық кезе­ңіне 10 жасар Камилла Куз­ден­баева өтті. Ол қазылар алқасы мен кө­рермендерді өзінің ерекше дауысы мен ырғақты сезу қабілетімен таңғалдырды. Камилланың керемет табиғи во­калды қабілеттері ешкімді бей­жай қалдырған жоқ. Ана­­­­сының айтуы бойынша­ шы­­­­­ғармашылық икем­ді­лік­­­терін Камилла ба­ла­­лық ша­ғынан бастап та­ны­­тып келеді. Қаржы қызмет­кер­лерінің отбасында дүниеге кел­ген балдырған бір жарым жасында-ақ айналадағыларды «Антошка» әнін орындаумен қуантқан. Ал алғаш вокал сабақтарына Камилла үш жасқа толмай жазылған. Сол кезден бастап ол музы­ка мен әнсіз ешбір күнін өт­­­­­кізбейді. Сонымен қатар да­­рынды балдырған испан тілін үйренуде. Бұл тілдің оған ұнайтыны соншалықты, репер­туарындағы әндердің көп бө­лігі сол тілде орындалады. Астаналық финалист би және фортепианода ойнаумен шұ­ғыл­данады. Болашақта Ка­милла Кузденбаева өзін әлем сах­наларының жұлдызы ретін­де көреді. Ол еліміздегі ең ауқым­­ды балалар жобасы – «Ба­ла дауысы» бұл арманға же­ту жолында өз септігін тигізе­тініне сенімді.

Күз­де Камилла Қа­­зақ­­­стан­ның басқа аймақ­та­рының 16 финалисімен «Жұлдызды Ар­ман үйінде» кездеседі. Бай­­қаудың суперфиналына да­йын­­далу мақсатында балалар вокал, хореография және әртіс­тік қабілеттерін арттыратын сабақ­тарға қатысады.

25 мен 27 қазан күндері балдырғандар жобаның ақ­тық бағдарламаларында өнер көр­сетіп, байқауға арнайы жа­зылған әндерді орындайды.

«Бала дауысы-2019» бай­қ­ауының жеңімпазы му­зы­калық оқу орнында білім алу­ға мүмкіндік бере­тін грант пен­ Диснейленд ертегілер әле­­мі­не саяхат жолдамасына ие­ болады.

«Егемен-ақпарат»