Экология • 24 Мамыр, 2019

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

1723 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтті.

Сексеуіл, тораңғы және ілбіс

«Алтын емел» ұлттық сая­бағындағы «Әнші құм» табиғат ескерткішінен басталатын эко­­ма­рафонның ұзақтығы – 250 шақырым. Бұл марафонды Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы, Ауыл ша­руа­шылығы министрлігі Ор­­­ман ша­руашылығы және жа­­нуарлар әлемі комитеті «Маrat#ON» жүгіру клубының және Snow Leopard Foudation халықаралық қорының қаты­суымен ұйымдастырып отыр.­­ Бұл экомарафонның мақ­­са­ты – биологиялық са­на­луан­ды­лықты, бірегей таби­ғат­ ес­керт­кіштерін сексеуіл мен то­раңғыны, ілбісті сақтау мәсе­лелеріне жұртшылықтың назарын аударту, саламатты өмір салтын насихаттау және ұқып­ты экологиялық туризмді дамыту.

Экомарафонда 20 адам жү­гір­ді, соның ішінде марафон мен оның ұйымдастырушылары ал­­ға қойып отырған ойды не­гізге салатын «Marat#ON» клу­бы­ның мүшелері қатысты. Бұл марафонның басты мін­дет­те­рінің бірі – ілбістің жоға­лып бара жатқанына жұртшылық на­­зарын аударту болып табылады. Ілбіс Халықаралық та­биғат қорғау одағының Қызыл тізіміне және Қазақстан, Өзбек­стан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия, Ресей сынды елдердің ұлттық «Қызыл кітабына» енгізілген. «Ілбіс тәуелсіз Қазақстанның ны­­шаны болып табылады,­ алай­да біздің елдегі оның попу­ляциясы азайып келеді. Соң­­ғы 16 жылдың өзінде ілбістер са­ны 20 пайызға кеміген. Оның әлем­дік популяциясының 3 па­йызы Қазақстан үлесіне тие­сілі, бұл шамамен 110-130 іл­біс­ті құ­райды. Халықаралық био­ло­гия­лық саналуандылық қү­ніне орай ұйымдастырылған бұл марафон Қазақстанның бірегей та­би­ғаты мен сұлу жануарларын келешек ұрпаққа сақтаумен бай­ланысты жаһан­дық міндетті жұрт­шылық есіне салмақ», деп атап өтті халық­аралық қордың ди­­­рек­­торы Ержан Еркінбаев мыр­за.

Бұл доданы дүбірлетіп жүр­ген «Marat#ON» жүгіру клу­бының негізін қалаушы, ха­лық­аралық санаттағы спорт ше­бері, Гиннес рекордтар кіта­бы­ның жеті дүркін рекордшы­сы Марат Жыланбаев. Құм жие­­гінде сексеуіл мен тораңғы бүр жарып келеді. Шір­кін, күн­дер­дің күні ібіліс те ойнақ салар деп тіледік.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы