Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды

1206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық Мектептер кеңесінің (CIS) аккредиттелуінен өтті деп хабарлайды оқу орнының баспасөз хатшысы.

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі CIS аккредитациясын алды

Халықаралық аккредиттеу бойынша CIS директоры Стюарт Маклей мектепке құттықтау хатын жолдап, ұжымның білім мен тәрбиедегі ұмтылыстарын жоғары бағалаған. 

Сәуір айының басында кеңестің сарапшыларынан құралған жұмыс тобы өңірдегі мектептің халықаралық стандартарға сәйкестігін бағалау мақсатында келген еді. Австралия, Румыния, Франция, Бельгия, Тайланд, БАӘ, Өзбекстан елінен келген тәуелсіз сарапшылар бес күн бойы ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, әкімшілік өкілдері, педагогтармен, оқушылар және ата-аналармен кездесіп, білім беру жүйесіне бақылау жүргізді. CIS командасы білім беру процесі мен мектеп өмірінің ұйымдастырылуына да баға берді. Сарапшылар сабақтарға, үйірмелерге, спорт секцияларына қатысып, балалардың тамақтану және медициналық көмек алу мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді. Мамандар төтенше жағдайдағы балалар мен ұжым қауіпсіздігіне баса назар аударып, бірнеше ситуациялық жағдайларды да бақылады.

- Халықаралық мектептер кеңесінен аккредиттелуінен өту мектебімізге үздіксіз дамуға тамаша мүмкіндіктер ашады. Бұл оқу орнының үнемі жоғары білім сапасына ұмтылысының дәлелі және бізге үлкен жауапкершілік жүктейді, - деді мектеп директоры Ермек Пайзов.

Маңғыстау облысы