Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Шымкент су арнасы кәсіпорны «Бастион» құрылғысын іске қосты

1072 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент су арнасы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Бастион» атты асфальт төсеу кешенін іске қосты. Ол жолдың бетін қалпына келтіріп, түзетуге арналған.

Шымкент су арнасы кәсіпорны «Бастион» құрылғысын іске қосты

Қазіргі таңда кешен Шымкент қаласының су құбырлары желілері жөндеуден өткен көшелерінде арнайы кесте бойынша жұмыс істеуде.

«Кешенде 3 адам қызмет етеді. Оның ішіне орнату операторының функцияларын атқаратын жүргізуші де кіреді. Жұмысқа кіріспес бұрын зақымдалған учаскелер абайлап түзеледі. Содан кейін арнайы қондырғымен тапталып, асфальт төселеді. Асфальттер температурасын ұстап тұратын сыйымдылығы 4 тонна арнайы бункерде сақталады. Шұңқырға төгіліп, алдымен оның беті қолмен тегістеледі. Соңынан бір жұмысшы механикалық тегістегішпен (каток) нығыздайды», дейді сала жауаптылары.  

Айта кетерлігі, «Бастион» жұмысын орталық диспетчерлік қызмет басқарады. Кешен күніне 4-5 орындағы шұңқырларды жоюға мүмкіндік береді. 50 шаршы метрге дейін жол бетін қалпына келтіру үшін бригада шамамен бір сағат уақыт қажет етпек.