Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

Шымкенттік кардиологтар диагностикалауда Ресей дәрігерлермен тәжірибе алмасты

1022 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Самара қаласы мемлекеттік медициналық университетінің сәулелі және ультрадыбыстық диагностика кафедрасының доценті, медицина ғылымының кандидаты Ольга Терешинаның қатысуымен қалалық кардиологиялық орталықта «Функционалдық диагностика мәселелері» атты халықаралық шеберлік сабағы өтті.

Шымкенттік кардиологтар диагностикалауда Ресей дәрігерлермен тәжірибе алмасты

Онда жергілікті мамандар шетелдік маманмен диагостикалаудың заманауи әдістерін жасауда тәжірибе алмасты.

«Емдеудің нәтижелі болуы - диагностиканы дұрыс қоюға байланысты. Өйткені, ауруды ерте анықтағанда онымен күресу әлдеқайда оңай. Техника күн сайын дамып жатқандықтан, мамандар жаңа құрылғылармен жұмыс жасауды жылдам меңгеруі тиіс. Шымкенттік дәрігерлермен шеберлік-сабақта жаңа технологиялармен жұмыс істеудің тың әдістерімен бөлісетін боламын», деді Ольга Терешина. 

Орталықтың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г. Шекербекова өірдегі медициналық ұйымдар соңғы үлгідегі диагностикалық құрылғылармен жабдықталғанын және білікті мамандардың бар екенін жеткізді.

«Шымкент қаласындағы 5 емханада, қалалық диагностикалық орталықта және аудандарда 26 стационарларда жүрекке диагностика жасайтын УДЗ құрылғылар орнатылған. Жүректі диагностикалау жылдан жылға жаңарып отырғандықтан, мамандардың біліктілігін артырып отыру қажет. Мамандар бұрын Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында ұлттық орталықтарда біліктілік арттырса, енді ресейлік мамандарды өзімізге шақыртып отырмыз»,  деді Г.Шекербекова.

Жуырда орталыққа эксперт класының ультрадыбыстық диагностикалық құрылғысы жеткізілмек. Г.Шекербекова бұл құрылғының 3D, 4D режимде көруге мүмкіншілік беретінін айтады. Тәжірибе алмасу барысында жақында іске қосылатын заманауи аппаратпен жұмыс істеу тәсілдері де айтылады және өндіруші «Philips» компаниясының өкілдері де қатысты.