Аймақтар • 24 Мамыр, 2019

«Highvill» компаниясы Шымкентте тұрғын үй кешенін салады

1357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл күзде әлемдік құрылыс саласындағы жетекші компания – «Highvill» «Shymkent City» қалашығында тұрғын үй кешенінің іргетасын қалайды.

«Highvill» компаниясы Шымкентте тұрғын үй кешенін салады

Бұл туралы «Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен Highvill Kazakhstan-ның Бас директоры Канг Джон Дэның кездесуінде мәлім болды.

Кездесуде Highvill тарапынан «Shymkent City» жобасына жауапты басшы тағайындалып, таныстырылды. Сондай-ақ тұрғын үй кешенінің мерзімі мен жоспары талқыланды.

«Шымкент» ӘКК» Басқарма төрағасы Рашид Аюповтың мәлімдеуінше, кореялық флагман «Shymkent City»-ден көпфункционалды тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр.

Жаңа қалашықта үлкен саябақ та болады. «Shymkent City»-де 47 га аумақта оңтүстіккореялық теxнологиямен қала тұрғындарының игілігі үшін заманауи саябақ салынбақ.

Рашид Аюповтың айтуынша, «Shymkent City» қалашығындағы құрылыс жұмыстары 2019 жылдың күзінде басталады. Жалпы жоспар бойынша алдағы 10 жыл ішінде «Shymkent City»-де 7554 пәтер салынбақ.