01 Наурыз, 2013

«Сауығудың бірден-бір шарты – сауықсам екен деп тілеу»

412 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Сауығудың бірден-бір шарты – сауықсам екен деп тілеу»

Жұма, 1 наурыз 2013 7:13

Науқас адамның ақ халатты жанның алдына барған кездегі көңіл-күйі белгілі ғой. Тамырын ұстап отырған дәрігер білікті, тәжірибелі, сауатты болса екен, сырқатымды дәл тапса екен деп ойлайды. Негізі науқас адам дәрігердің айтқанына имандай сенеді. Содан болар, жылы сөз дәметеді. Дәрігердің «Қорқатындай дәнеңе жоқ, біраз ем алып, өзіңізге күтім жасасаңыз, дертіңізден құлан-таза айығып кетесіз» деген жылы сөзінің өзі жарты ем. Сондықтан науқастар үшiн ең қажеттiсi – дәрiгердiң сауаттылығы, адалдығы, мейірбандығы.

Адам баласының бақытты болуының оннан тоғызы ден­саулығына байланысты екен. Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 303 дә­рiгерi мен 223 орта буын мейiрбикесi қайта даярлықтан өтіптi. 2844 дәрiгер мен 4863 мейiрбике бiлiмiн жоғарылатты. Олардың үштен бiрi халықаралық деңгейдегi бiлiмдi меңгерген.

Ал 2012 жылы меди­ци­на­лық ұйымдардың ме­ди­циналық құрал-жаб­дық­тармен жарақталуы 56,2 пайызға дейін артты. Облыста жүргізілген жаңа құрылыстардың 94,0 пайызын бастапқы меди­ци­на­лық-санитарлық көмек көр­сету саласы құрады. Жер­гі­лікті бюджет есебінен сәу­лелі диагностика мәсе­ле­лері ше­­шілді. Облыс ор­талығында зертханалық-диа­гностикалық қызмет толық көлемде жаб­дық­талды. Тұр­ғындардың өмір сүру ұзақтығы 69,86 жасқа жетті. Елді қатты алаңдатып отырған қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім-жітім көрсеткіштері халықтың 100 мың адамға шаққанда 168,6-дан 124,4-ке дейін немесе 26,2 пайыз­ға төмендеді. Жүрек қан ай­налымы аурулары ауру­шаңдығы мен өлімін азайтуда мамандардың біліктілігін арттыру жұмысы аса маңызды. Бұл бағытта 41 дәрігер біліктілігін жоғарылатты.

Міне, Оңтүстіктің ден­сау­лық сақтау саласының маманда­ры заманға сай бейімделуде. Әйтсе де, біздің қоғамда дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін білмейтіндердің са­ны әлі де молдау екенін мойын­дау керек. Жақында ғана Пар­ламент қабырғасында есеп берген Денсаулық сақтау ми­нис­трі Салидат Қайырбекова ал­дағы уақытта ауылдарды тіс дәрігерлерінің аралайтынын жет­кізді. Өз басым министрдің осы ұсынысын толық қолдаймын. Шынында аудан орталығында, болмаса, ауылдарда тіс емдеу орындары мүлдем жоқ. Сол елді мекендерде тісі ауырса елемей, әрі кеткенде халықтық ем-доммен емдеп, ақырында бүкіл тісі түсіп қалған қаншама жандар жүр десеңізші… «Сауығудың бірден-бір шарты – сауықсам екен деп тілеу» деген екен бір ойшыл. Сол айтпақшы, мемлекет медицинаға қан­шама жақсылықты үйіп-төксе де халықтың өз ынтасы, денсаулығына деген жа­нашырлығы, жауап­кершілігі болмаса, бұл сала­ның тірлігі оңға басуы қиын. Бұл істе тек дәрігер ғана емес, халық та сауатты болуы керек.

Жазира ТӨЛЕПБЕКОВА,

Шымкент медицина колледжінің оқытушысы.

Оңтүстік Қазақстан облысы.