Қатты жел балалардың ойнауына арналған үрленбелі батутты төңкеріп тастап, соның салдарынан 11 жасар бала оқиға болған жерде көз жұмды. Тағы да екі бала түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 306-бабының 3-тармағы бойынша (Адам өліміне әкеп соққан, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) қылмыстық іс қозғалды.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, аталған нысанды пайдалану жөніндегі құжаттаманы алу жұмыстары жүргізілуде.
Қарағанды облысы