Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

Сәбилер еңбектеуден жарысқа түсті

1312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында «Baby Star-3» атты еңбектеу жарысына 6 айлық және 1 жарым жастағы кішкентайлар қатысты. Жастар бастама­ларын дамыту орта­лы­ғын­дағы Еңбектеуден өт­кен мини-чемпионат биыл үшін­ші рет өткізілді.

Сәбилер еңбектеуден жарысқа түсті
Мини-чемпионат «Алға, ba­by» ­бөбектер еңбектейтін және «Су­пер отбасы» балаларымен бір­ге ата-аналары сынға түсетін екі кезеңнен тұрды. Бірінші ке­зеңде сәбилер 10 метрлік қа­шық­­тыққа еңбектеп жарысты. Ал екінші кезеңде бүкіл отбасы мүшелері бірге еңбектеп, сынға түс­ті. 

Таңғаларлық әрі өте қызық­ты. Бір бала тез еңбектесе, енді бірі баяу, тағы бірі тіпті, басқа жаққа қарап қалады. Анасын кө­ре қалса, сол жаққа қарай ең­бек­тей жөнелетінін көріп, күлесің. 

Еңбектеу жарысына Шадияр Қа­сым, Ел­маз Айдаров ­, Омар Сәр­сем­­бай, Меди­на Нұрлан, Иса Зу­ратұлы, Әділет Қабдыкәрім секіл­­ді басқа да кішкен­тайлар қатысты. 
– Ең бастысы – сәбиді қы­­­­­зық­­тыра білу. Бірден жарыс жо­лына­ түсіп, еңбектей жөнелетін зе­йінді сәбилер де бар, – дейді ұйым­дас­тырушылар. 

Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды 10 метр қашықтықты 1 минут 12 секундта еңбектеп шық­қан Надир Нығматуллин жеңімпаз атанды. Ал 2-орынды – Сара Қарағожинова, 3-ші орынды –  Әлі­шер Классен есімді сәбилер алды. 

Барлық қатысушы отбасыларды орталықтың серіктестері «Антошка» ойыншықтар дүкені, «Megakids» балалар дамыту орта­лығы, «De Mode Kids» балалар киім дүкені, «Айя» мерекелік орталық, «Baby Shop Pvl» балалар тауарлары дүкені, «Baby Style» балалар сұлулық салоны арнайы аталымдармен қоса, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Павлодар 
Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38