Аймақтар • 27 Мамыр, 2019

«Мерейлі отбасы» байқауының тәрбиелік мәні зор

867 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Алматы облысының намысын екі отбасы қорғайтын болды. Жақында аудандық байқаулардың жеңімпаздары арасынан үздік әулетті анықтаған облыстық сайыс өтті. Онда Балқаш ауданынындағы көп анымал, жұртқа сыйлы Қыстаубаевтар отбасы мен Кербұлақ ауданында тұратын үлгілі әулет – Ақбасовтар жеңіске жетті.

«Мерейлі отбасы» байқауының тәрбиелік мәні зор

Қыстаубаевтар әулетінің отағасы Әбдіжаппар аудандағы «Бірлік» акционерлік қоғамын басқарады. Елді еңбекке үндеп, тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған ол өңірдегі белгілі меценаттардың бірі. Әбдіжаппар мырза шетелден оралған қандастырға қамқорлық танытып келеді. Бүгінде Монғолия және Қарақалпақстаннан оралған ондаған отбасылардың «Бірлік» акционерлік қоғамы басшысына айтар алғысы шексіз. Ұл-қызына ұлағатты тәрьие беріп отырған әке ауыл шаруашылығын дамытуды ғылыммен ұштастырып отыр екен. Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Құрметті профессоры ретінде  егін, мал шаруашылығының өнімді болуына еңбек сіңіріп келеді. Еңбегі еленіп, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Ал Ақбасовтар әулетін Кербұлақ ауданының тұрғындары ерекше құрмет тұтаты. Отағасы  Баясыл өңірге қолы ашық, қайырымды жан ретінде танымал. Ол көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға үнемі қолұшын созып жүр. Ақбасовтардың қайырымдылыққа жұмсаған қаржысы жыл сайын 4,5 млн теңге шамасында екен. Биыл екі көпбалыл отбасына жеке үй сатып алып берген екен. Әсіресе, балаларды қуантуға асық азамат соңғы 2 жыл бойына «Қуанса, бала қуансын» шарасына демеушілк жасап, 1 млн 800 мың теңге бөліпті. Еңбегі еленіп, «Кербұлақ ауданының құрметті азаматы» атанып, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алтын жүрек» медалін иеленген.

- Отбасы - береке-бірліктің қайнар көзі. Ағайынның татулығы – елдің берекесі екені белгілі. Үйелмелі-сүйелмелі бала-шағаны бір шаңырақта  өсіріп, ержеткізіп отырған ата-ананың еңбегі ерен. Олар бір-біріне бауырмал болып келеді. Кең-байтақ жерімізге ие болатын ұлағатты ұрпақ өсіру – бәрімізге міндет. Ендеше, «Мерейлі отбасы» байқауының тәрбиелік мәні зор. Елімізде мерейлі отбасылар саны арта берсін, -  дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев «Мерейлі отбасы» байқауының маңызы жайында.

Алматы облысы