Осы уақыт аралығында ұйым 410 іс-шара өткізген. Оның 410-ы аймақтарда болса, 14-і – республикалық деңгейде ұйымдастырылған жиындар. Атап айтқанда, олар Орталық сайлау комиссиясы, аймақтық сайлау комиссиялары және учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерімен бірнеше кездесу өткізген. Оған қоса, Алматы жастары мен студенттері үшін сайлау заңнамасын білуге қатысты жарыссөз турнирі ұйымдастырылған.
Сондай-ақ президенттіктен үміткерлердің штаб өкілдерімен кездесіп, сайлау күніне дайындық жүргізіп жатқан сайлау бөлімшелерінің жұмыс барысын көріп, тексерген.
Қазір елдің барлық аймағында «Аманат» қоғамдық платформасы сайлаушыларға, журналистерге және тәуелсіз байқаушы азаматтарға арнап тренингтер өткізуде.
Сонымен қатар «Аманат» негізінде 6 мыңнан астам байқаушы оқытылды. Брифингті өткізушілер ОСК деректеріне сәйкес елімізде барлығы 9967 сайлау бөлімшесі бар, олардың 560-ы уақытша құрылғанына тоқталды. Азаматтардың барлығын толық қамту үшін «Аманат» шамамен 10 мың байқаушыны дайындауды жоспарлайды. Бүгінгі күнде азаматтық платформаға бүкіл ел бойынша 260 қоғамдық пікір көшбасшысы қосылды. «Аманатқа» 185 қоғамдық ұйым қосылған.