Қоғам • 28 Мамыр, 2019

Жол жөндеу жұмыстары жандануда

1393 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жол қашанда экономиканың күретамыры. Жамбыл облысын кесіп өтетін халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бүгінде еліміздің бірқатар өңірлері мен шет мемлекеттерді байланыстырып отырған алтын көпір.

Жол жөндеу жұмыстары жандануда
Бұл ретте күрежол арқылы бірқатар елдермен экономикалық байланыс артып, әріптестік орнап келеді. Алайда кейбір рес­публикалық маңызы бар жол­дардың жайы бүгінге дейін Жам­был облысының күр­делі мәселелерінің бірі болып­ келгені белгілі. Мәселен, «Меркі-Бурыл­байтал» тасжолының мүшкіл халі талай жылдан бері айтылып та, жазылып та келеді. Сонымен қатар бұл мәселе ары-бері қа­тынайтын жолаушылардың да жанайқайын тудырған еді. Ен­ді көп жылдан бері айтылып келе жатқан көкейкесті мәселе ше­шімін тауып, биыл ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бурылбайтал» автожолын қайта жаңғырту жұ­мыс­тары басталды.

Бүгінде аталған тасжолдың бойындағы құрылыс 4 учаскеге бөлініп, жұмыс атқа­рылуда. Оның ішінде Меркі ауда­нынан Шу қаласына де­йін­гі жол құ­рылысы 86 шақырымды құ­рай­ды. Ал асфальт жабынды төрт жо­­лақты қоз­ғалысқа арналып тө­селеді. Со­нымен қатар Шу қа­ла­­сынан Бу­рылбайталға дейінгі жол 176 шақырымды қамтитын бо­лады. Мұнда екі жолақты ІІ тех­никалық са­наттағы жол салынады. Толығымен жа­ңартылған автомобиль жо­лы Тәтті, Шу, Бір­лік елді ме­кендері арқылы өтеді деп кү­тілуде. Ал қайта құру жо­басы аясында күрежолдың бойында 6 көпір, 3 теміржол өткелі, 11 жарақтандырылған көлік ай­рығы, 276 су өткізу құ­быр­ла­ры, демалыс алаңдары және па­­­вильон салынады. Тағы бір айта кетерлігі, «Меркі-Бу­рыл­бай­­тал» автожолының құры­лысына төзімділігі жоғары қиыр­шық тас – мастикалық асфальт­бе­тон пайдаланылмақ. Жоба 2022 жылдың маусым айында толы­ғымен аяқталады деп жос­парланып отыр. Бүгінге дейін Жамбыл жұртшылығының басты мәселесі болып келген күрежол енді шешімін табатын болады.

Сонымен қатар Тараз қала­сы көшелерінің жол жабынды­ларын қалпына келтіру де өзекті мәселелердің бірі. Жамбыл об­­­лы­сының әкімі Асқар Мыр­зах­метовтің тапсырмасына­ орай бұл бағытта барлық көше­лерді түгендеу жұмыстары жүр­гі­зіл­ген. Нәтижесінде, бұған дейін коммуналдық меншікте ұзын­дығы 996 шақырымды құрайтын барлығы 576 көше тіркелсе, тү­гендеу жұмыстары барысында ұзындығы 1531 шақырымды құ­райтын 1330 көше анықталды. Сондай-ақ өңірде қаладағы көше жабындыларын реттеу үшін арнайы үш жылдық Жол кар­тасы бекітілген болатын. Кар­таға сәйкес, бірінші кезекте мек­тептер, балабақшалар, ден­сау­лық сақтау нысандары сынды әлеу­меттік маңызы бар мекемелер орналасқан және қоғамдық кө­лік­тер қатынайтын, инженерлік жүйе­лермен толығымен қам­тыл­ған көшелерді жөндеу көзде­луде. Бұл бағытта биыл ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 100 миллион теңге бөлініп, 22000 шаршы метрді құрайтын, қоғамдық көлікпен қамтылған 86 көшені қамту жоспарланған. Бүгінгі таңда оның 8900 шаршы метрінде, яғни 36 көшеде нақты жұмыс атқарылды. Қалған жұмыс ағымдағы жылдың шілде айында аяқталады деп кү­тілуде.

Сонымен қатар қаладағы 29 жоба бойынша ұзындығы 75 ша­қырымды құрайтын 148 көшеге құны 1,5 миллиард теңге болатын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл орайда негізінен «Тайвань», «Арай» тұрғын алқаптарының көшелері де қамтылады. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 600 миллион теңге қаралып, қаланың көпқабатты тұрғын үйлері ор­наласқан шағын аудандардағы жол жабындыларына да ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылатын болады. Жалпы қазіргі таңда Тараз қаласын дамыту басты назарда. Оның ішінде шаһардағы барлық көшелерді жөн­деу мақсатында тиісті жұ­мыс атқарылуда. «Бурыл А,Б,В» тұрғын үй массивінің 26 шақырымды құрайтын 50 көше­сіне шағыл тас төсеу жұмыстары басталды. Оның жалпы құны 260 миллион теңгені құрап отыр. Бұл жұмыстарды «Ая сервис» жауапкершілігі шектеулі серік­­тестігі жүргізуде. Облыс әкім­дігінің мәліметінше, аталған мәсе­лелер тұрақты бақылауға алын­ған. Облыс әкімі Асқар Мыр­зах­метовтің тікелей бас­та­масымен қол­ға алынған Жам­был өңіріндегі жол жөндеу жұмыс­тары жандануда. Сонымен қатар қала ішіндегі жұмыстар да Тараз қаласының сәулеттік келбетінің артуына өз септігін тигізетіні сөзсіз.


Жамбыл облысы