Теннис • 28 Мамыр, 2019

Roland Garros: Диас пен Бублик келесі кезеңге өтті

786 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 мамыр күні Парижде «Үлкен Дулыға» санатындағы «Ролан Гаррос» турнирі басталды. Қазақстандықтар Зарина Диас пен Александр Бублик екінші жарыс күнінде кортқа шықты деп хабарлайды Olympic.kz.

Roland Garros: Диас пен Бублик келесі кезеңге өтті

1/64 финалда Зарина француз қызы Одри Албиге қарсы ойнап, 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Турнирдің екінші айналымында ол ресейлік Вероника Кудерметовамен өзара мықтыны анықтайды. 

Юлия Путинцева алғашқы айналымда 6:3, 7:5 есебімен швециялық Ребекка Петерсонға есе жіберіп, жарысты аяқтады. 

Александр Бублик германиялық Рудольф Моллекермен өткен кездесуде 7:5, 6:7(4:7), 6:1, 7:6(7:2) есебімен жеңіске жетті. Келесі айналымда Бубликті австриялық Доминик Тим күтіп тұр. 

Бүгін Михаил Кукушкин мен Елена Рыбакиналар жарысты бастайды.