02 Сәуір, 2013

Әр азаматтың борышы

1050 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әр азаматтың борышы

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:36

Қазіргі кезде Отан алдында әскери борышын өтегісі және өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Оған келісімшартпен азаматтық борышын өтегісі келетін жас азаматтарды жинау пункттерінің ашылуы да мысал бола алады. 
Елімізде биылғы әскерге шақыру басталды. Осыған орай біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат МАЙКЕЕВПЕН әңгімелескен едік.

 

Сейсенбі, 2 сәуір 2013 0:36

Қазіргі кезде Отан алдында әскери борышын өтегісі және өмірін әскери қызметпен байланыстырғысы келетін жастардың қатары жыл сайын өсіп келеді. Оған келісімшартпен азаматтық борышын өтегісі келетін жас азаматтарды жинау пункттерінің ашылуы да мысал бола алады. 
Елімізде биылғы әскерге шақыру басталды. Осыған орай біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы Мұрат МАЙКЕЕВПЕН әңгімелескен едік.

– Қарулы Күштерді реформалау жоспарларына сәйкес соңғы жыл­дары келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің саны айтар­лық­тай артты. Бірақ, мерзімді әскери қызмет Отанымыздың қауіп­­сіздігін қамтамасыз ету жүйе­сінің маңызды құрамы болып қала береді, – деп бас­тады әңгімесін Мұ­рат Майкеев. – Әр жарты жыл сайын Құрлық әскер­лерінің барлық әскери бөлімдері олар еліміз бойынша елуден асады, толығып отырады. Әскерге шақы­ры­лушылардың басым көпшілігі әс­ке­ри борышын өтеу үшін Құрлық әс­керлеріне жі­беріледі.
– Құрлық әскерлері туралы кеңі­рек айтып берсеңіз. Оның қа­та­рына қандай бөлімдер кіре­ді?
– Құрлық әскерлері – Қарулы Күш­теріміздің ең маңызды және ең көп түрі. Құрлық әскерлерінің құрамына мотоатқыш, танкті, десантты-шабуылдаушы және артиллериялық әскери бөлімдер және теңіз жаяу әскері бригадасы кіреді. Бұдан басқа, Құр­лық әскерлерінің құрамында жауын­гер­лік және материалдық-техни­калық қамтамасыз ету әскери бө­лім­дері бар. Құрлық әскерлерінің құры­лымдары мен құрамалары 24 гарнизонда орналасқан.
– Әскер қатарына білікті мамандарды алу, келісімшартпен әскери борышын өтегісі келетін азаматтар туралы не айтар едіңіз?
– Бүгінгі таңда Қарулы Күш­терде білікті мамандарға деген сұраныс артуда. Сондықтан, әс­кер­ге шақыру кезінде шақы­рылу­шының біліміне басты назар аударылуда.
Қорғаныс министрінің талабына сәйкес жауынгерлік даяр­лық қар­қын­дылығының едәуір артқанын атап өткен жөн. Сарбаздардың мер­зімді әскери қызметінің бәрін қолына кү­рек немесе сыпырт­қы ұстау­мен өткі­зу сияқты жайттар артта қалды. Қазір, тіпті, асха­на бойынша барлық жұмысты әс­кер­­мен келісімшарт бойынша қызмет істейтін азаматтық ұйым­дар өз мойындарына алған. Барлық әскери қызметшілердің басты жұмысы – жау­ын­­герлік даярлық, жорықтық-марш­тар, далалық жаттығулар.
Әскерге шақырылушының ден­сау­лық жағдайынан басқа, біз жастарды пси­хологиялық жағынан ірік­теуге де ба­са назар аударамыз.
Арнайы дайындықты талап ете­тін мамандықтар бойынша, оқы­ту құра­маларында жарты жыл­дық даяр­лық жүргізіледі. Қа­зір біздегі Құрлық әскерлерінің оқу орталығында механик-жүргі­зу­ші және танктің, БМП, артил­лериялық өздігінен жүретін зең­бірек­тің жетекші-операторы маман­дықтары бойынша оқыту ұйым­дастырылған. Байланыс құрал­дарының және инже­нерлік әскер­лердің кіші мамандары өз алдына бөлек дайындықтан өтеді.
Қорғаныс министрі әскери тәр­тіпке ерекше көңіл бөлуде. Қа­­зір Құр­лық әскерлерінде, бар­­лық Қарулы Күштерде деп айт­сақ та болады, құқық бұзушы­лық­тар­ға жол бермеу шаралары қолданылуда. Барлық құрылымдар бір шақырылымның әскери қыз­мет­ші­лерімен жинақталады. Әлім­жет­тік барлық жерде жойылған десек те болады. Барлық казармалар әске­ри бөлім бойынша кезекшіге шыға­рыл­ған бейнебақылау жүйе­лерімен жабдықталған, бұл жағ­дайды үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Әр казармадағы стендт­тер­де Құрлық әскерлері бас қол­бас­шысының, өңірлік әскерлер қолбасшыларының және олар­дың тәрбие және әлеуметтік-құ­қықтық жұмыс бойынша орын­басарларының ұялы теле­фон­дарының нөмірлері көрсе­тілген, бұл нөмірлерге кез келген уа­қыт­та қоңырау шалуға және СМС-хабарлама жазуға болады. Ано­нимді түрде де жаза алады. Сол сияқты, әр өтініш бойынша тек­се­ріс жүргізіледі, егер тәртіп бұзу­шылықтар болса, жедел шара қол­данылып, кемшіліктер жойылады.

Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».