6-8 маусым аралығында Италияның Рим қаласы таэквондодан әлемдік Гран-при кезеңін қабылдайды.
Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысады. Нақтылап айтар болсақ, 80 келідегі Нұрлан Мырзабаев, 87 келідегі Смайыл Дүйсебай және +87 келі салмақтағы Руслан Жапаровтар рейтингілік турнирден ұпай алуға тырысады.
Ал қыздар командасының өкілі Жансель Дениз жарақатына байланысты Римдегі турнирден тыс қалмақ.
Манчестердегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, 74 келі салмақтағы Қайрат Сарымсақов келесі Гран-при кезеңіне қатысады деп жоспарлануда.