Қазақстан • 28 Мамыр, 2019

Қазақстан 5G енгізетін он елдің қатарына кіреді

941 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың қаңтар-сәуір айларында ақпарат және байланыс саласына салынған инвестиция 21,8 млрд теңгені құрап, 27,5%-ға артты. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

Қазақстан 5G енгізетін он елдің қатарына кіреді

8,1 млрд теңгемен инвестиция бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл 2018 жылға қарағанда 8,8%-ға аз. Ал Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы инвестиция көлемі - 3,8 млрд және 2,7 млрд теңге.

Бүгінгі таңда Қазақстан – АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария және Эстониямен қатар, жаңа желіні енгізуді бастаған алғашқы он мемлекеттің қатарында. 2019 жылдың соңына дейін мұндай жобалар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жүзеге асырылады.

International Data Corporation халықаралық ұйымының зерттеуінше, 2019 жылы 5G смартфондарының бүкіл әлем бойынша сатылымы 6,7 миллион бірлікке жетеді деп күтілуде. 4G смартфондарын жеткізу көлемі 95,4% үлесімен 1,3 млрд бірлікті құрайды.

2023 жылға қарай 5G смартфондарын жеткізу үлесі нарықтың 26%-ын (401,3 млн бірлікті) құрайды, ал 4G смартфоны нарықтан 71,7%-ға дейін төмендейді.

2019 жылдың сәуір айының соңында тіркелген интернет-абоненттер саны 2,5 млн бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға аз. Тіркелген интернет абоненттерінің тығыздығы 100 адамға 14 бірлікті құрады.

Мобильді интернет абоненттерінің саны наурыз айының соңында 14,6 млн адам болды, бұл жыл ішінде 7,2%-ға артты. Интернетке қолжетімділігі бар ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 79 бірлікті құрады.