Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Қарағандылық самбошы полицей Парижде топ жарды

916 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж қаласында самбо күресінен өткен Гран-при халықаралық турнирінде қарағандылық учаскелік инспектор Бейімбет Қанжанов чемпион атанды.

Қарағандылық самбошы полицей Парижде топ жарды

Жарысқа 12 елден 133 самбошы қатысып, жүлделерді сарапқа салған болатын.

Облыстың Осакаров ауданында учаскелік инспектор болып жұмыс істейтін полиция капитаны Бейімбет Қанжанов 62 кило салмақ дәрежесінде қарсыластырының бәрін тізе бүктіріп, Гран-при турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Еске салсақ, Бейімбет Қанжанов 2015 жылы Марокканың Касабланка қаласында өткен әлем чемпионатының 52 кило салмақ дәрежесіндегі жеңімпазы. Сондай-ақ, ол жасөспірімдер және жастар арасында өткен Қазақстан, Азия, әлем чемпионаттарында топ жарған балуан, көптеген халықаралық турнирлердің чемпионы болған.


Қарағанды облысы