Аймақтар • 28 Мамыр, 2019

Қызылордада жаппай кәсіпкерлікті дамыту қорытындысы бойынша мәжіліс өтті

861 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда өңірде 51385 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде 44083 немесе 85,7 пайызы жұмыс істеп тұр. Жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1741 бірлікке артты.

Қызылордада жаппай кәсіпкерлікті дамыту қорытындысы бойынша мәжіліс өтті

Қызылорда облысы әкімдігінде өңірдегі жаппай кәсіпкерлікті дамыту қорытындысы бойынша мәжіліс өтті. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Мәселен, Қармақшы ауданында "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 12 жобаны іске асыру үшін несие беріліп, тағы 6 жоба екінші деңгейлі банктердің қарауында, ал 5 жоба сүйемелдеуге алынған. Ал Шиелі ауданында "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 26 жоба ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы инновациялық бизнес-идеяларды іске асыруға 200 жас кәсіпкер, 200 көпбалалы отбасы және 100 жұмыссызға мемлекеттік гранттар бөлу жоспарлануда.

Жиында облыс әкімі Қ.Көшербаев "Біздің басты мақсатымыз – жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 14,4 пайыздан 2020 жылға қарай 20 пайызға дейін ұлғайту болып табылады»,-деді. Сол үшін шағын және орта бизнес саласына инвестиция тартып, жаңа кәсіпорындар ашып, экспорттың үлесін арттыру қажеттігін атап өтті.

«Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шағын және орта бизнестің үлесі 14,4 пайызды құрады. Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 1741 бірлікке артты. Бұл ретте 93 мыңнан астам облыс тұрғыны немесе өңірдің экономикалық белсенді жұмыспен қамтылған халқының үштен бірі осы салада жұмысқа орналастырылды.

Жыл қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте жұмысқа орналасқандардың саны 95 000 адамға дейін жетуі тиіс», - деді аймақ басшысы.


Қызылорда облысы