16 Сәуір, 2013

Форум жаңа белеске көтерілді

331 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Форум жаңа белеске көтерілді

Сейсенбі, 16 сәуір 2013 2:03

Алматы облы­сын­да басты мақсаты туған жерінің қа­лып­тасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұ­тастай тәуелсіз Қа­зақ­станның дамуына сүбелі үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктерінің тарихын айқындап, көр­сету болып табылатын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты форумның екінші кезеңі бастау алды. Ауданның белгілі адамдарының қатысуымен өткен мерекелік іс-шара Қаскелең қаласында ұйымдастырылды.

 

Сейсенбі, 16 сәуір 2013 2:03

Алматы облы­сын­да басты мақсаты туған жерінің қа­лып­тасуы мен жүйелі дамуына, сол арқылы тұ­тастай тәуелсіз Қа­зақ­станның дамуына сүбелі үлес қосқан отандастарымыздың жетістіктерінің тарихын айқындап, көр­сету болып табылатын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты форумның екінші кезеңі бастау алды. Ауданның белгілі адамдарының қатысуымен өткен мерекелік іс-шара Қаскелең қаласында ұйымдастырылды.


Еске сала кетсек, екінші республикалық форум Ақмола облысында бастау алған болатын. Бірінші кезеңде эстафетаны республиканың барлық аудандары қабылдап алып, облыстық форумға лайық дегендері жолдама алды. Форум спикерлерін бүгінгі күннің нағыз ерлері: көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, өнер мен ғылым, этномәдени бірлестіктердің өкілдері елімізде түрлі салаларда қызмет ететін зиялылар, соғыс және еңбек ардагерлері, жауынгер-интернационалистер, атақты спортшылар, жастар көшбасшылары құрады.
Ең лайықты деп танылғандар елорда күні қарсаңында Астанада өт­кізілетін «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» екінші респуб­ликалық форумына жолдама алады.

Алматы облысы ерте кезден-ақ өзінің өндіріс, ауылшаруашылық және құрылыс салалары бойынша жетістіктерімен танылып, ай­мақ­­тың экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді. Ин­дус­триялық-инновациялық да­муға бағытталған мемлекеттік бағ­дарламаларды жеделдетудің нәтижесі экономика салаларының нақты дамуына оң ықпалын тигізді. Облыста аймақтық жалпы өнім 2011 жылы 1 286,4 млрд. теңгені, жан басына шаққанда 680,1 мың. теңгені құрады. Сонымен бір­ге, облыстың республикадағы ІЖӨ-сі 4,4%-ды көрсетті. 2012 жылғы бағалау бойынша ІАӨ 1 385,4 млрд. теңгені, жан басына шаққанда 726,8 мың теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 6,9%- ға өсті.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, шағын және орта­ бизнестің дамуына барлық жағдай жасалған. Жергілікті ба­сым­дықтардың бірі халықтың әлеуметтік қорғалуы, әсіресе, отан­дастарымыздың өмір сапасын арттыру екені қуантып отыр. Тек ішкі және халықаралық туризмнің дамуына ғана емес, сондай-ақ мыңдаған қазақстандықтардың ән-жырына арқау болған қасиетті Жетісу жері мен табиғи-рекреациялық ресурс­тар – Іле және Жоңғар Алатауы, Алакөл және Балқаш көлдері, тау өзендері жайында айта кеткен орынды.
Дегенмен, Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның басты байлығы – адамдары. Олардың қатарына елімізге ғана емес, сонымен бірге, әлемге танымал жыр алыбы Жамбыл Жабаев, саяси қайраткер Тұрар Рысқұлов, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев, қазақтың бейнелеу өнерінің негізін салушы Әбілхан Қастеев, композиторлар Нұрғиса Тілендиев пен Мұқан Төлебаев, ұшқыш-космонавт Тал­ғат Мұсабаев және т.б. бар. Бұл тізімдегі ерекше орынды Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаев иеленеді.
Дәл осы жерде бірінші облыстық форумды өткізу туралы шешім қа­был­данды. Іс-шараның салтанатты рәсімі Наурызбай батырдың ес­керткішіне гүл шоқтарын қою­мен басталды. Одан ары кеш қо­нақтары мен қатысушылары Үш­қоңыр кентіндегі Қарасай батыр атындағы мектептегі «Шапағат» мұражайында және Қаскелеңдегі тарихи-өлкетану мұражайында қарсы алынды.
Қаhармандары Алматы облы­сы­ның тұрғындары болып табы­ла­тын «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» деректі фильмі көрсе­тілгеннен кейін Қаскелең мәдениет үйінде негізгі бөлімді аудан әкімі Серік Мұқанов ашып: «Қиын-қыс­тау кезеңде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басты басымдығы ретінде әуелі – экономика, одан кейін – саясат, деп белгілеп, елі мен халқының тағдырын өз жауапкершілігіне алды. Бүгінде біздің реформаларымыз әлемде «қазақстандық жол» деген атпен белгілі. Нұрсұлтан Әбішұлы тағдыр мен тарих сынағынан абыроймен өтті, өз халқын өркендеу жолына жеткізді», – деді.
Ұлы Отан соғысының арда­ге­рі, Елбасының мұғалімі бол­ған Сейітхан Исаев, Қарасай аудан­дық ардагерлер кеңесінің төр­ағасы Сайлаубек Қыдыралиев, «Құр­мет» орденінің иегері, Балқаш ауданының құрметті азаматы, об­лыстық мәслихаттың депутаты, Балқаш аудандық «Бірлік» агро­фирмасының директоры Әб­ді­жаппар Қыстаубаев, Алакөл аудан­дық мәслихатының депутаты, аудандық әжелер кеңесінің төр­айымы, білім беру ісінің құрметті қызметкері Ұлжалғас Дүйсенбаева, Пан­филовтағы «Ирада» шаруа қо­жа­лығының төрайымы Суриям Изимова жерлестері алдында өздері­нің ой-пайымдарын ортаға салды.
ҰОС-тың 95 жастағы ардагері Сейітхан Исаев өзінің дарынды оқушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы естеліктерімен бөлісті. «Мектеп қабырғасынан бас­тап Нұрсұлтанның мінезінде бас­ты­ ерекшелік – мақсатқа тал­пы­нушылық аңғарылды. Сол балғын шағынан ол келешекті ойлады, ол үшін күресті, адамдарға қызмет етуге ұмтылды, өзіндегінің бәрін Отанына берді», – деді ол.
Форумға қатысушы Суриям Изимова Тұңғыш Президенттің «Халықтың күші – бірлікте!» деген сөзін келтірді. «Және шын мәнінде, біз, Қазақстанда өмір сүретін әртүрлі этнос өкілдері елдің басты жетістігі – ол адам екендігіне көз жеткіздік. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан! Бұл ел маған өмір сүруге барлық мүмкіндіктер берді, мұнда өсу, даму және гүлдену үшін барлық жағдайлар жасалған. Біздер бұл елге ризамыз!», – деді ол. «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты облыстық форум аясында Қаскелең қаласында «Атом» жобасының петициясына 4 мың адам қол қойды.
Облыстық филармония­ әртіс­тері­нің атсалысуымен дайын­далған мерекелік концерт оның шарықтауы болды. Бағдарлама Президент Н.Назарбаевтың әнде­рінен құралды.

* * *
Өткен апта ішінде Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 30 қалалық және аудандық деңгейдегі форумдар болып өтті. Іс-шараға мәжілісмендер мен сенаторлар қатысты. 
—————————-
Суретте: Наурызбай батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен көрініс.