«Омниум» бойынша сынға түскен Роман Василенков турнирдің күміс жүлдегері атанды. Оның қоржынында 108 ұпай бар. Бұл бәсекеде Еуропа чемпионатының жүлдегері Максим Пискунов 121 ұпаймен жеңіске жетті. Ал үшінші орынға грекиялық Христос Воликакис жайғасқан.
Еске сала кетейік, жарыстың алғашқы күнінде Артем Захаров, Сергей Пономарев, Рината Сұлтановалар жеңіс тұғырына көтерілген болатын.