Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Армения Республикасының Премьер-министрі Н.Пашинян қатысып жатыр.
Сонымен қатар қатысушылар қатарында Еуразиялық экономикалық одақ жанындағы бақылаушы мемлекет басшысы ретінде Молдова Республикасының Президенті И.Додон жəне құрметті қонақ ретінде Тəжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон да бар.
Жиында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ жұмысының өзекті мəселелерін жəне одан əрі дамудың перспективаларын, соның ішінде цифрлы күн тəртібі мен Одақтың халықаралық қызметінің негізгі бағыттарының жүзеге асырылуын қарастырады.
Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың 2019-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағыттарын талқылайды. Саммит қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімге қол қойылуының 5 жылдығына орай бірлескен мəлімдемесі қабылданады. Бұдан бөлек бірқатар халықаралық құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда.